«Қазақстан цивилистикасының дамуы (Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасын жүйелі трансформациялануының қарсаңында)» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді

Нархоз университетінің Құқық және мемлекеттік басқару мектебі (ҚМБМ) Каспий университетінің Жеке құқық ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп «Қазақстан цивилистикасының дамуы (Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасын жүйелі трансформациялануының қарсаңында)» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

Дөңгелек үстел жұмысына академик М.К. Сүлейменов пен профессор И.И. Рогов, сондай-ақ Қазақстанның заңгерлік ғылыми қауымдастығының жетекші өкілдері қатысады.

Бағдарламада: 

- Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасын жүйелі трансформациялау жөніндегі алдағы жұмыстар туралы (ҚМБМ директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Ф. Карағұсов сөз сөйлейді);

- Жеке құқық ҒЗИ директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор М.К. Сүлейменов-тің қазақстандық цивилистиканың жай-күйі мен даму перспективалары туралы баяндамасы;

- заң ғылымдарының докторы, профессор И.И. Рогов-тің Қазақстан Республикасының сот жүйесінің қалыптасу тарихының кейбір аспектілері туралы баяндамасы;

- заң ғылымдарының кандидаты Е.С. Бычкова-ның азаматтық құқықтық қатынастар саласындағы цифрландыру және Қазақстандағы платформалық экономиканы дамыту туралы баяндамасы; 

- Дөңгелек үстел қатысушыларының сөз сөйлеулері және жалпы пікірталас.

Іс-шара 20 мамыр күні сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін Нархоз университеті әкімшілігінің VIP-конференц-залында (А152), Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 55 мекенжайы бойынша өткізіледі.

Онлайн қосылу келесі сілтеме арқылы мүмкін:

https://zoom.us/j/94432555939?pwd=wIaQgq2Z2qVZ5VaN22hG9bNwdxkbDz.1
Қосылу коды 12345678. Конференция идентификаторы 944 3255 5939.

Автор - Университет Нархоз
Опубликованно - 19.05.2026