Бизнес-мектеп туралы

Narxoz Business School – Орталық Азияның жүрегіндегі әлемдік деңгейдегі бизнес-білім. Narxoz Business School – Орталық Азиядағы жетекші бизнес мектебі, жоғары сапалы MBA, Executive MBA, DBA бағдарламаларын және корпоративтік тренингтерді ұсынады. Біз бизнесті трансформациялай алатын, инновация жасайтын және жаһандық бәсекелестік пен тез өзгеретін әлем жағдайында стратегиялық шешімдер қабылдайтын көшбасшыларды дайындаймыз. Біздің мектебіміз – білім мен тәжірибе тоғысатын, оқу үдерісі заманауи басшылардың, кәсіпкерлер мен мансаптық өсуге, халықаралық ықпалдасуға және тұрақты дамуға ұмтылатын мамандардың қажеттіліктеріне сай құрылған орта.

Бизнес-мектепті қолдау

Narxoz Business School – бұл кәсіби мамандар мен басшылардың дамуына арналған бағдарламалар және ең мықты бизнес қауымдастық. Біздің корпоративтік байланыстарымыз бен серіктестігіміз – бұл шынымен де даму, жаңа білім алу және болашақ жетістіктеріңізге қол жеткізу ортасы. Сіз кез келген бағдарламаға серіктес бола аласыз, өз гранттарыңызды немесе тыңдаушыларымызға стипендиялық қолдау тағайындай аласыз. Бізге қосылыңыз, бірге өзімізді, бизнесті және әлемді жақсы жаққа өзгертейік!

Толығырақ

Азиядағы ең үздік 50 бағдарламаның қатарына кіреді

Орталық Азиядағы ең үздік ғимараттардың бірі

Орталық Азиядағы №1 MBA бағдарламасы

MBA, Executive MBA, DBA бағдарламаларының 3500-ден астам түлектері

2500-ден астам корпоративтік клиент

Нарықта 17 жыл

Рейтингтер мен аккредитациялар
Серіктестер
Penn State Smeal
Hult ExEd
British Chamber of Commerce in Kazakhstan
CUD
ESMT Berlin
Abertay University
Skills Development Scotland (Government Agency)
Zurich Elite Business School (ZEBS)
Бізге сенім артады
Eurasian Resources Group (ERG)
RG Gold
Казцинк
Forte
Оқытушылар құрамы
Толық PDF тізімін қараңыз
Булат Мукушев

"Нархоз университеті" КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. PhD, MBA, Ұлттық зерттеу университеті «Жоғары экономика мектебі», MBA, Yale University, АҚШ, 2003. CFA сертификатына ие. Академиялық қызығушылықтары: баламалы инвестициялар, инвестициялық талдау және бизнесті бағалау

Максим Киселев

Йель университетінің әлеуметтік психология докторы. Ол бизнес және корпоративті білім беру, бизнесті дамыту, корпоративті қарым-қатынастарды басқару, репутация, сыртқы және ішкі ұйымдық коммуникациялар, ұйымдастырушылық мінез-құлық, көшбасшылық және менеджмент психологиясы салаларында топ-менеджер әрі сарапшы.

Марат Атнашев

Narxoz Business School академиялық ортасының елшісі. 

MSM SKOLKOVO бас директоры (2016-2019). 

HARVARD University, Davis Center for Russian and Eurasian Studies, қауымдастырылған зерттеуші. 

Александр Чмель

Қаржы және корпоративтік басқару бойынша курстардың авторы және жетекшісі, сондай-ақ Ресей мен халықаралық ірі компаниялардың басшыларына арналған біліктілікті арттыру және көшбасшылық әлеуетті дамыту бағдарламаларының әзірлеушісі (Мәскеу басқару мектебі «Сколково», Тәуелсіз директорлар қауымдастығы академиясы, М.В. Ломоносов атындағы ММУ Жоғары мемлекеттік басқару мектебі).

Николай Верховский

Корпоративтік бағдарламалардың, іскерлік ойындардың, стратегиялық және жобалық сессиялардың әзірлеушісі және жетекшісі. Стратегия, жобалық және инновациялық менеджмент, сондай-ақ корпоративтік трансформациялар жөніндегі консультант 

Андрей Левченко

Сарапшы, бизнес-тәжірибеші, өзгерістерді енгізу және адамдар мен процестердің тиімділігін арттыру жөніндегі маман

Ақжарқын Кныкова

MBA "Актуарий" бағдарламасының оқытушысы. Лицензияланған актуарий, Қазақстан актуарийлер қоғамының мүшесі

Олег Алферов

Бизнес-тренер және бизнесті дамыту бойынша консультант. Жобаларды басқару саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар, оның ішінде Польша, Словакия, Нидерланды, Швеция және Даниядағы халықаралық жобаларға қатысқан, сондай-ақ Нидерланды мен Швецияда тағылымдамадан өткен. NTU (Сингапур), HKUST (Гонконг), SDA Bocconi (Милан, Италия), және Darden School of Business (АҚШ) бизнес-мектептерінде білім алған.

Зевира Толеутаева

Экономика ғылымдарының кандидаты. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Консультативтік органының мүшесі. ХҚЕС (IFRS) саласында 10 жылдан астам практикалық тәжірибе. Big4 компанияларында 6 жыл жұмыс істеген тәжірибе.

Юлия Дмитриева

Маркетинг және сату саласында 20 жылдық тәжірибесі бар консультант. 120-дан астам салалық зерттеу жүргізіп, оның 40-тан астамы нақты бизнес-практикада жүзеге асырылды. Халықаралық форумдар мен конференциялардың тәжірибелі спикері, сондай-ақ әртүрлі салалардағы, соның ішінде мемлекеттік сатып алулар мен мейрамхана бизнесіндегі серіктестік жобалардың фасилитаторы.

Мақан Қайсар

Корпоративтік бизнесте 16 жылдық тәжірибе – Стратегиялық және корпоративтік даму мен маркетинг бағыттарын басқарған. Басшылықта 12 жыл, оның ішінде 7 жылдан астамы – топ-менеджер ретінде. Кәсіпкерлік саласында 5 жыл – РостТренинг компаниясының негізін қалаушы және басшысы. Соңғы екі жылда 10 000-нан астам адамды оқытқан. Оқыту форматтары: тренингтер, мастер-класстар, фасилитациялық сессиялар.

Фархад Мантеев

Prosci® сертификатталған жоғары деңгейлі нұсқаушысы, серіктес, Орталық Азия бойынша кеңсе басшысы. 8 жылдан астам уақыт бойы өзгерістерді басқару саласында маманданған. Мақсатты бизнес-модельге көшу, процестерді автоматтандыру, корпоративтік мәдениетті өзгерту, ERP жүйелерін және басқа да ІТ мен цифрлық шешімдерді енгізу бойынша ірі трансформациялық бағдарламаларға қатысқан. Қазақстандық және халықаралық компаниялармен, соның ішінде "Самұрық-Қазына", "Қазақстан темір жолы", BDO сияқты ұйымдармен жұмыс істеген. 

Гульмира Муканова

Ұйымдық өзгерістер және персоналды дамыту саласында тренер-кеңесші. Бизнес-процестер мен корпоративтік мәдениетті трансформациялау кезінде өзгерістерді сүйемелдеу бағытында жұмыс істейді. Lean (бережливое производство) әдіснамасы бойынша жұмыс істейді, сондай-ақ командалық шешімдерді әзірлеуге арналған интеграциялық және фасилитациялық сессияларды жүргізу тәжірибесі бар.

Ирина Виговская

Медиация, ТРИЗ-фасилитация және корпоративтік басқару саласындағы халықаралық аккредитациядан өткен бизнес-тренер. Қазақстан мен Орталық Азиядағы UN Women серіктесі, оқыту және медиация тәжірибесінде 20 жылдан астам еңбек өтілі бар.

Елжас Аубакиров

Adjunct Assistant Professor

Мектеп әкімшілігі
Марина Образцова

Narxoz Business School директоры

Email: marina.obraztsova@narxoz.kz

Юан Симпсон

Доктор, PhD, Narxoz Business School халықаралық даму жөніндегі директор

Email: ewan.simpson@narxoz.kz

Айкерiм Мырзатаева

Narxoz Business School директор орынбасары

Email: aikerim.myrzatayeva@narxoz.kz

Агипа Монобаева

Narxoz Business School-дың aкадемиялық директор, DBA бағдарламасының жетекшісі, философия ғылымдарының докторы (PhD)

Email: agipa.monobaeva@narxoz.kz

Анна Анисимова

Narxoz Business School-дың MBA және EMBA бағдарламалары бойынша операциялық директоры

Email: anna.anissimova@narxoz.kz

Гульнар Жуманова

Narxoz Business School-дың Қосымша және кәсіби білім беру орталығының директоры

Email: gulnar.zhumanova@narxoz.kz

Салтанат Абдельдинова

Narxoz Business School-дың Қолданбалы қаржы орталығының жетекшісі

Email: saltanat.abdeldinova@narxoz.kz

Корпоративтік клиенттерге
Компаниялар үшін қызметкерлерді жүйелі түрде дамыту маңызды, олардың кәсіби және басқарушылық дағдыларын нарықтың жаңа талаптарына сәйкес арттыра отырып, бизнес ортасындағы өзгерістерге бейімделу қабілетін дамыту.
Көшбасшыларды дамыту бағдарламалары
Қызметкерлердің көшбасшылық құзыреттерін қалыптастыруға және нығайтуға бағытталған.
Кадрлық резервті дамыту бағдарламалары
Перспективті қызметкерлерді негізгі басқарушылық рөлдерге анықтауға және дайындауға бағытталған.
Mini-MBA
Интенсивті формат бизнес-әкімшіліктің негізгі аспектілерін қамтиды.
Біліктілікті арттыру бағдарламалары
Қызметкерлердің білімдері мен дағдыларын жаңартуға, жаңа технологиялар мен әдістерді меңгеруге бағытталған.
Тренингтер
Қызметкерлердің дағдылары мен құзыреттерін дамытуға бағытталған және кең ауқымды тақырыптарды қамтиды.
Истории выпускников
"...Рекомендую всем, кто хочет быть №1 в бизнесе."
"...Возможность общаться с преподавателями-практиками и коллегами студентами."
Асылбек Адильбеков про Executive MBA
“…Если вы готовы, EMBA — это идеальное решение для вашего успеха…”
Түлектерге қызмет көрсету орталығы

Түлектерге қызмет көрсету орталығы біздің Нархозшыларға оңай және қарапайым қызмет көрсету үшін құрылған. Қажетті қызметті таңдап, өтінімді толтырыңыз, біз сізге мүмкіндігінше тезірек көмектесеміз

Өтінімді толтыру
Отправлено!
Ошибка!
Өтінім
Өтінім
Өтінімді жіберу
Жіберілді!
Қате!
Университет жаңалықтары
Барлығы
Экономика және менеджмент мектебі
Құқық және мемлекеттік басқару мектебі
Гуманитарлық мектеп
Цифрлық технологиялар мектебі
Narxoz Business School
Кеңес алу үшін өтініш қалдырыңыз
Өтінімді жіберу
Жіберілді!
Қате!
Студенттерге қызмет көрсету орталығы
Қабылдау комиссиясы
Баспасөз қызметі
Комплаенс қызметінің сенім телефоны