Нархоз университеті базасында «Маркетинг» білім беру бағдарламасы бойынша XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті

2026 жылғы 30 сәуірде Нархоз университеті базасында «SUSTAINABLE MARKETING: ENGAGEMENT & TRUST CHALLENGES» тақырыбы аясында XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы (РСПО) ұйымдастырылды.

Олимпиадаға Қазақстанның жоғары оқу орындарынан 16 өтінім келіп түсті. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша РСПО-ның II кезеңіне 10 команда жолдама алды.

РСПО тапсырмалары аясында қатысушылар «Университеттің тұрақты дамуы: студенттердің сенімі мен қатысу белсенділігі» тақырыбында үй тапсырмасы ретінде жоба ұсынып, командалардың бейне-таныстырылымдарын дайындады. Сонымен қатар, қатысушылар «Danone Berkut» ЖШС-нің тапсырысы негізінде «Actimel» бренді бойынша бизнес-кейсті шешу жұмыстарын қорғады.

 

Үй тапсырмасы қатысушылардың жобалық ойлау дағдыларын көрсетуге мүмкіндік берсе, бейне-таныстырылым олардың креативтілігі мен командалық коммуникация қабілеттерін айқындады. Ал бизнес-кейсті шешу барысында студенттер аналитикалық және стратегиялық құзыреттерін жоғары деңгейде танытты.

РСПО конкурстық комиссиясының шешімімен келесі командалар жеңімпаз атанды:

I дәрежелі диплом
«Турандот» командасы -Тұран университеті Агамедова Р.Р., Мартынушкина К.А., Аршидинова Д.Т. Ғылыми жетекшілері: PhD, қауымдастырылған профессор Жұмадилдаева Ж.Б., э.ғ.м., сениор-лектор Каирова А.А.

II дәрежелі диплом
«Ztarget’s» командасы - Нархоз университеті Карипбаева Ж.Т., Болат А.М., Ермухамбет Ч.М. Ғылыми жетекшілері: э.ғ.м., аға оқытушы Қайназарова Д.А., э.ғ.м., аға оқытушы Исаева А.Ж.

«ONE WORLD CREW» командасы - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қасымова М.Ж., Абдулазиз А., Куулар В.Р. Ғылыми жетекшілері: э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ахметова З.Б., э.ғ.м., аға оқытушы Рысбаева Б.Б.

III дәрежелі диплом
«AlmaU Neuro Team» командасы -AlmaU Сағатова А.А., Назарчук М.К., Әбдімалинов Ж.Н. Ғылыми жетекшісі: э.ғ.к., Assistant Professor Сохатская Н.П.

«Дара Тұлға» командасы - Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Алишев У.М. Ғылыми жетекшісі: э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Саурукова А.К.

«TrustLab» командасы — М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті Мендыхан Д.Б., Агабалаев Р.М., Ишкулов Д.В. Ғылыми жетекшісі: э.ғ.м., аға оқытушы Чудрова В.У.

Автор - Университет Нархоз
Опубликованно - 18.05.2026