Сәуір айының 4-5 жұлдызында Тұран университеті қабырғасында студенттер мен мектеп оқушылары арасында республикалық “SIRIUS CUP IX” турнирі өтті.

Бұл шара жастардың ойлау қабілеті мен стратегиялық шешім қабылдау шеберліктерін дамытуға арналған ірі алаң болып саналады.

Жоғары пікірсайыс мектебі «ТЭО» дебаттық ұйымының мүшелері турнирде өздерінің аналитикалық және ораторлық қабілеттерін дәлелдеп, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Нәтижелері бойынша:

1-орын — 3 курс студенті Әбібуллаева Айша, Маркетинг АПФ, ЖПМ ТЭО мүшесі;

2-орын — 4 курс студенті Исмаилұлы Нұрболсын, Ресторан ісі мамандығы, ЖПМ ТЭО мүшесі.

Жоғары пікірсайыс мектебі «ТЭО» студенттерінің табысы біздің университеттің интеллектуалдық мәдениетін, жастардың көшбасшылық қасиеттерін және дебаттық мәдениетті дамытуға бағытталған тұрақты жұмысымыздың айқын көрінісі.

Сонымен қатар, біз турнирді ұйымдастырушыларға ерекше алғысымызды білдіреміз! Ұйымдастырушылар атап өткендей, турнирге қатысу студенттердің кәсіби және тұлғалық дамуына зор үлес қосып, олардың Қазақстандағы білім беру және дебаттық қоғамдастықта өзін көрсетуіне мүмкіндік береді.

Автор - Университет Нархоз
Опубликованно - 08.04.2026