"Бәрі де өз қолыңда" кітабында танымал бизнесмен Серікбай Бисекеев өзінің жетістікке жетуіне көмектескен өмірлік ұстанымдарын жазды. Автор оқырмандармен ашық әңгімелеседі, өз өміріндегі жәйттарды бүкпесіз жайып салады, жетістікке жету құпияларымен бөліседі, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге кеңестер береді. Кітап қазіргі менеджерлерге, бизнесті енді ғана бастағандар мен өз кәсібі жайлы армандайтын немесе өмірден өз жолын іздеген адамдардың қажеттілігіне жарайды.