Біздің әрекеттеріміз туралы біліңіз
Қандай гранттар және кімдерге беріледі
Халықаралық олимпиада гранттары

Білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін біз басқа елдерден келген студенттерге құжаттарын тапсырып, қабылдау емтихандарын сәтті тапсырғаннан кейін 100% стипендия ұсынамыз. 2023-2024 оқу жылында 23 шетелдік студент оқуға қабылданды.

Украиналықтар мен ресейліктерге арналған гранттар

 

Украина мен Ресей азаматтарына Нархоз университетінде бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша 100% гранттар берілді. 2022-2023 оқу жылында 5 студент оқуға қабылданды.

Мемлекеттік гранттар

Нархоз Университетінде студенттердің шамамен 80%-ы мемлекеттік грант негізінде білім алады. Олардың көпшілігі – әлеуметтік осал топтардың өкілдері. Біз оқуға түсу кезінде қолдау көрсетеміз және оқу барысында олардың үлгерімін бақылап отырамыз.