Психолог студенттер мен қызметкерлерге жеке кеңес береді. Алдын ала жазылуыңызды сұраймыз. Барлық берілген ақпарат құпия сақталады.
Сіз өз уайымдарыңызбен келесі тақырыптар бойынша бөлісе аласыз:
- Емтиханға байланысты стресс;
- Тревождық;
- Үйді сағыну;
- Қайғы мен жоғалту;
- Қарым-қатынастағы қиындықтар;
- Отбасылық мәселелер;
- Жатақханадағы өмірге бейімделу;
- Университет өміріне бейімделу және қоғаммен өзара әрекеттесу;
- Жұмысқа байланысты стресс;
- Буллинг.
Байланыс:
Анель Талет
anel.talet@narxoz.kz,
127-кабинет


Нархоз Университетінің барлық студенттері мен қызметкерлері университеттің Медициналық орталығында тіркелген.
Тегін көрсетілетін қызметтер:
- жалпы медициналық консультациялар;
- салауатты өмір салтын қолдау (шылым шегуден бас тарту, салмақты бақылау, стресс басқару, есірткі мен алкогольге байланысты кеңес беру);
- маусымдық медициналық тексерулер (қан талдауы, рентген, офтальмолог және отоларинголог консультациясы);
- репродуктивті денсаулық (АИТВ, ЖИТС және жыныстық жолмен берілетін басқа аурулардың алдын алу бойынша ақпараттық іс-шаралар);
- тар шеңберлі мамандарға жолдама беру;
- әйелдер денсаулығы, жүктілік және отбасы жоспарлау бойынша кеңес беру.
Студенттік істер офисімен бірлесіп, әр семестрде студенттер мен қызметкерлер үшін тегін дәрістер мен ақпараттық сессиялар ұйымдастырылады:
- отбасы жоспарлау;
- әйелдер денсаулығы;
- жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (АИТВ, ЖИТС және т.б.) алдын алу.
Медициналық бекеттердің мекенжайлары мен жұмыс уақыты:
- Нархоз университетінің бас ғимараты, спорт кешені, 1-қабат. Жұмыс уақыты: 9:00 – 18:00 (Жандосов көшесі, 55).
- Нархоз университетінің екінші кампусы, 1-қабат. Жұмыс уақыты: 9:00 – 18:00 (Саин көшесі, 81).
- "DS 3" жатақханасы, 1-қабат. Жұмыс уақыты: 9:00 – 18:00 (Саин көшесі, 81а).
- "DS 2" жатақханасы, 1-қабат. Жұмыс уақыты: 9:00 – 18:00 (Таугүл шағын ауданы, 32).
Оқу жоспары аясында дене шынықтыру пәні бойынша студенттер семестр ішінде әрқайсысы 75 минуттан 10-15 сабақ өтуі қажет.
Grand Pool, спорт кешені және стадион Нархоз университетінің аумағында орналасқан. Университет студенттері оқу жоспары аясында дене шынықтырумен айналысады.
- Бассейн
- Жаттығу залы
- Спорт залдары
- Йога сабақтары
Бассейн мен жаттығу залы сондай-ақ университет қызметкерлері мен Алматы қаласының тұрғындары үшін қолжетімді.








