Құқық және мемлекеттік басқару мектебі

Халықаралық қатынастар

6В03104

«Халықаралық қатынастар» бағдарламасы іргелі экономикалық білімдерге ие, аналитик және сарапшы болуға қажетті дағдыларды өз бойына сіңіре алған халықаралық қатынастар саласының мамандарын дайындайды.

Мақсат

Халықаралық қатынастар мен сыртқы саясат саласында іргелі білімдері бар, халықаралық процестерді талдау және болжау дағдылары бар стратегиялық және саяси талдаулар, қауіпсіздік, мәдениет саласында, мемлекеттік құрылымдарда, үкіметтік емес ұйымдардың аясында, сондай-ақ халықаралық институттарда, компанияларда немесе бизнес саласында жұмыс істеуге мүмкіндігі бар кәсіби кадрларды даярлау.

Оқыту нәтижелері

01

Сыртқы саяси құрылымдардың жұмысы үшін халықаралық процестерді білікті бағалауға және болжауға қатысу үшін халықаралық қатынастардың тарихын, теориясын және қазіргі заманғы проблемаларын білу арқылы қазіргі заманғы халықаралық қатынастар мен әлемдік процестер саласындағы өзекті ақпаратты талдайды.

02

Халықаралық бейіндегі мекемелер мен ұйымдардың жұмысында шешімдер қабылдау процесі үшін ұсынымдар әзірлеуге қатысу үшін жаһандану, геосаясат, қауіпсіздік проблемалары, әлемдік экономика және әлемдік интеграциялық процестер туралы іргелі білім негізінде халықаралық қатынастардың қазіргі заманғы проблемаларын түсіндіреді.

03

Кәсіби ортада дипломатиялық хат-хабар алмасу және келіссөздер жүргізу үшін мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша іскерлік қарым-қатынас жасайды.

04

Сыртқы саясаттың мемлекеттік құрылымдарында және аналитикалық орталықтарда жұмыс жасауға қажетті сыни ойлау дағдысы мен творчестволық әлеуетін көрсете отырып халықаралық қатынастар, дипломатия, халықаралық және ұлттық қауіпсіздік, сыртқы саясат мәселелері бойынша экспертік қорытынды жасауға қатысады.

05

Аналитикалық және экспертік құрылымдардың жұмыстарына қажетті әлемнің аймақтарындағы және оның ішінде Орталық Азиядағы дипломатиялық қатынастардың өзекті мәселелері бойынша дәлелді пікірді дербес дайындайды.

06

Мемлекеттік және халықаралық институттардағы көші-қон саясаты саласындағы тәжірибені ескере отырып, қақтығыстарды реттеуге, адам құқықтарын қорғауға және қақтығыстардың алдын алудың халықаралық стандарттарына, халықаралық құқыққа сәйкес көші-қон үдерісін реттеуге қатысады.

07

Халықаралық корпорацияларда, ұйымдар мен мемлекеттік мекемелерде халықаралық экономикалық қатынастар және бизнес, халықаралық құқық мәселесі бойынша өзінің кәсіби қызметі негізінде кеңес береді және аналитик ретінде көмек көрсетеді.

08

Дипломатиялық және халықаралық қызмет аясында ұйымдастырушылық және көшбасшылық қызметін, ауызша және жазбаша қарым-қатынас дағдыларын көрсетеді және ұжымда жұмыс жасай алады.

09

Халықаралық жағдайды салыстыра және бағалай алады және жаһандану, геосаяси тенденциялардың проблемалары мен салдарын ескере отырып, сыртқы саясат бағытындағы мемлекеттік органдардың жұмысы үшін Қазақстан Республикасының көп бағытты сыртқы саясатының дамуына қажетті ұсыныстарды дайындауға қатысады.

10

Дипломатиялық қызмет шеңберінде шет тілдерін қолдана отырып, дипломатиялық хаттамаға сәйкес халықаралық кездесулер, келіссөздер, конференциялар мен басқа да дипломатиялық іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.

Пәндер

Шетел тілі
Қазақ (орыс) тілі
Әлеуметтік-саяси білімдер модулі
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Дене шынықтыру
Қазақстан тарихы
Философия
Экономикаға кіріспе
Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама
Экология және тұрақты даму
Халықаралық қатынастарға кіріспе
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты
Дипломатиялық және консулдық қатынастар
Қазіргі замандағы халықаралық қатынастар тарихы
Жаңа кезеңдегі халықаралық қатынастар тарихы
Халықаралық қақтығыстар және оларды реттеу әдістері
Халықаралық экономикалық қатынастар
Халықаралық қатынастардағы зерттеу әдістері
Геосаясат негіздері
Халықаралық қатынастар теориялары
Мемлекеттік басқару теориясы
Екінші шетел тілі (неміс, француз, испан, түрік, жапон, қытай, араб, корей)
Дипломатиялық корреспонденция
Дипломатиялық келіссөздер
Халықаралық ұйымдар
Халықаралық қатынастардағы ТҰК
Демократия және адам құқықтары
Дипломатиялық этикет және хаттама
Халықаралық және ұлттық қауіпсіздік
Халықаралық терроризм
Саяси талдау және болжау
Орталық Азия: саясат және қауіпсіздік
Халықаралық қатынастардағы Африка
Еуропалық Одақтың сыртқы саясаты
АҚШ-тың сыртқы саясатындағы соғыс және бейбітшілік
Жаһандану және тұрақты даму
Халықаралық гуманитарлық құқық
Халықаралық құқық
Таяу және Орта Шығыстағы халықаралық қатынастар
Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы халықаралық қатынастар
Латын Америкасындағы халықаралық қатынастар
Миграция және халықаралық саясат
Қытайдың сыртқы саясатындағы жұмсақ күш
Оқу практикасы
Өндірістік практика
Дипломалды практикасы
Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау немесе кешенді емтихан дайындау және тапсыру