Халықаралық QS талдау агенттігі әлемнің ең үздік университеттерінің жыл сайынғы QS World University Rankings 2026 рейтингісінің нәтижелерін жариялады. Бұл тізімге Қазақстанның 20 жоғары оқу орны енді.
«Қазақстан бүкіл өңір бойынша білім беру хабына айналып келеді және халықаралық деңгейде мойындалуда. Бұл өз кезегінде жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. 2024 жылы 93 елден 30 000-нан астам шетелдік студент Қазақстанды білім алу үшін таңдады. Олардың саналы таңдауы – біздің талапкерлер үшін де маңызды бағдар. Осы жағдайда қазақстандық университеттердің жаһандық академиялық кеңістіктегі позициясын нығайтуы — ерекше құбылыс. Атап айтқанда, Нархоз Университеті әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орнына айналу жолында тұрақты ілгерілеу көрсетуде», – деп атап өтті ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Рейтинг мәліметтері бойынша, Нархоз Университеті түлектердің еңбек нарығындағы сұранысы (Employment Outcomes), соның ішінде олардың жаһандық кәсіби ортадағы ықпалы (Alumni Impact Index) бойынша Орталық Азиядағы жоғары оқу орындарының арасында бірінші орынды иеленіп, Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштен 404,5%-ға асып түсті.
«QS World University Rankings 2026 әлемнің үздік университеттері рейтингінде Нархоз Университеті өткен жылғы нәтижесін сенімді түрде сақтап, 1001–1200 аралығында орналасқан. Әсіресе, университеттің «Түлектер жетістігі» көрсеткіші бойынша қазақстандық жоғары оқу орындары арасында бірінші орын (әлем бойынша 214-орын) иеленуі – үлкен жетістік. Сондай-ақ, «Шетелдік оқытушылар үлесі» индикаторы бойынша университет әлемдік үздік жоғары оқу орындарының ішінде 578-орынға тұрақтап, оң динамика көрсетті. Нархоз Университетінің біздің флагмандық рейтингтегі ілгерілеуі үшін негізгі мүмкіндіктердің қатарына жоғары квартильді ғылыми басылымдарда жарияланымдар санын арттыру, оқытушылар мен қызметкерлердің зерттеу қызметіне белсенді қатысуы және әлемнің әртүрлі бөлігіндегі жоғары оқу орындарымен, ғылыми экожүйелермен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жатады», – деді QS Quacquarelli Symonds агенттігінің өңірлік директоры Сергей Христолюбов.
Нархоз Университеті бірқатар академиялық санаттар бойынша маңызды нәтижелерге қол жеткізді. Жалпы рейтингте университет өткен жылмен салыстырғанда 100-ден астам позицияға көтерілді. Академиялық бедел көрсеткішінің бір жыл ішінде 70-тен астам орынға, ал рейтингке алғаш енген кезден бастап 180 орынға өсуі – үлкен жетістік. Сонымен қатар, университет халықаралық сарапшылар тарапынан көрсетілетін қолдау деңгейі бойынша да жетекші орын алды.
Еуропарламент делегациясының Нархозға сапары. Фото Университеттің баспасөз қызметі мұрағатынан.
Рейтингте университеттің түлектерінің мансап жолын бастауына қаншалықты тиімді көмек көрсететіні ескеріледі. 2024–2025 оқу жылында Нархоз Университеті еңбек нарығы және өндіріс саласымен ынтымақтастығын күшейтіп, студенттер мен түлектер үшін мүмкіндіктер аясын кеңейтті.
«Ақылы тәжірибеден өтетін студенттердің саны үш есеге артты, ал Нархоз студенттерінің 62%-ы оқу барысында жұмыс табады. Біздің деректер мен QS рейтингіндегі нәтижелеріміз көрсеткендей, біз сұранысқа ие мамандарды даярлаймыз, әрі жұмыс берушілер бізге сенеді», – деп атап өтті Нархоз Университетінің президенті Қанат Қожахмет. – Сонымен қатар, халықаралық қос дипломды бағдарламалар бойынша серіктестер тарту және білім беруді интернационалдандыру бағытындағы жүйелі жұмысымызды ерекше атап өткім келеді. Бұл істе бізге ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі институционалдық қолдау көрсетіп отыр. Біз бірлесіп, Қазақстанда ғана емес, шетелде де салалардың дамуына ықпал ете алатын көшбасшыларды дайындап жатырмыз».
Нархоз Университетінің студенттері. Фото университеттің баспасөз қызметінің мұрағатынан.
Академиялық байланыстардың сапасы мен тұрақтылығы халықаралық деңгейде мойындалып отыр. Қазақстандық жоғары оқу орны делегациясының Еуропарламенттегі сөз сөйлеуі мен БҰҰ-ның UNAI бастамасы аясында ТДМ №16 (Тұрақты даму мақсаты – Тыныштық, әділдік және тиімді институттар) бойынша вице-төраға мәртебесі – осының айқын дәлелі. Университеттің беделінің артуы студенттер мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады: 2024 жылы халықаралық серіктестерден академиялық бағыт бойынша гранттық қолдау көлемі 300 000 еуродан асты. Жыл сайын Нархоз студенттері Erasmus+ бағдарламасы аясында гранттар ұтып алады. Бұған қоса, университет шетелдік студенттерді қолдау жүйесін белсенді дамытып, тәлімгерлік пен бейімделу бағдарламаларын енгізуде. Осы шаралардың нәтижесінде кіріс академиялық ұтқырлық шеңберіндегі шетелдік студенттердің саны 65%-ға артты.
Global Hour шетелдік студенттерімен кездесу. Фото Университеттің баспасөз қызметі мұрағатынан
Нархоз – Қазақстан мен Орталық Азиядағы жетекші жекеменшік университет ретінде негізгі халықаралық көрсеткіштер бойынша тұрақты өсім көрсетіп, білім беру саласындағы жаһандық стандарттарға сай екенін дәлелдеп келеді.


