Темірболат Н.С. Криминалистикалық болжау және оның тергеуде атқаратын рөлі
Монографияда криминалистикалық болжау туралы ілімнің теориялық негіздері зерттеліп қылмыстарды ашу мен тергеу барысында атқаратын рөлі қарастырылған. Тергеушінің ойлау нысаны ретінде болжау криминалистикалық сипаттама мен тергеу ситуациясы сияқты криминалистикалық категориялар контексінде кешенді зерттеліп, болжау әдісін ситуацияға қарай тергеу процесі қолайлығын арттыру үшін қолдану мәселелері көтерілген. Сондай-ақ болжау әдісінің модельдеу әдісімен қатынасы, өзара байланысы және оларды дәлелдеу барысында шындықты анықтаудағы рөлі мен мәні, жеке тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру қызметін жүргізу және сот сараптамасын тағайындау барысында қылмыстың криминалистикалық сипаттамаларын, тергеу ситуацияларын ескере отырып, тергеу ситуацияларын шешудің алгоритмдерін жасау, материалдық және саналы дереккөздерден ақпарат алудың ерекшеліктері қарастырылған. Монография оқытушылар, ғылыми қызметкерлер, магистранттар, Рһ.D докторанттарына және студенттерге, сонымен қатар тәжірибелік қызметкерлерге арналған.