Суреттер (графиктер, диаграммалар) және кестелер мәтінде нөмірленіп, атауы көрсетіліп (Мысалы, 1-сурет – сурет атауы) және ескерту (12 пт.) ретінде дереккөзі беріледі (Мысалы, Ескерту – […] дереккөзі негізінде автор(лар)мен құрастырылған). Кестелер / суреттер нөмірленуі мәтін бойынша бір-бірімен қиылысуы қажет. Суреттер кестелерден тәуелсіз нөмірленеді. Суреттер (графиктер, диаграммалар) мен кестелер мақаланың жалпы көлемінің 20 %-нан аспауы тиіс. Кесте, сурет сөздері қысқартусыз толығымен жазылып, сызықшадан кейін атауы беріледі. Сурет көлемі ені 16 см; ұзындығы 24 см.-ден аспауы қажет. Суреттердегі жазылымдар мөлшері 9 пт. Мақала мәтінінде әр кестелер мен суреттерге сілтемелер болу қажет.
Сурет атауы оның астында орталық туралаумен (Times New Roman 14 пт) беріледі. Толығырақ
дизайн ережелерінде.