ЖУРНАЛДЫҢ ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАРЫ

Журнал редакторлары жетекші халықаралық ғылыми баспалар қабылдаған этикалық ережелер мен стандарттарға негізделген этикалық нормалар мен қағидаларды бекітті, бұл ережелердің сақталуы ғылыми материалдарды жариялау үрдісінің барлық қатысушылары үшін, яғни, авторлар, рецензенттер, редакция алқасының мүшелері, жетекші редакторлар мен баспагерлер үшін міндетті болып табылады.

Ашықтылық, адалдық, плюрализм, достық, тілектестік, ізденіс пен білімге деген ұмтылыс, редакция қызметкерлері, авторлар мен оқырмандар арасындағы кең пейілділікті қолдайды. Редакция өрескелдікті, плагиатты, қызғанышты, ашулануды, менмендікті құптамайды.

Авторлардың жауапкершілігі
  1. Мақаланы редакторға жіберген кезде авторлар мақаланың басқа журналдың редакциясымен қарастырылмайтындығын және басқа жерде жарияланбағанын растайды.
  2. Мақаланың мазмұнына жауапкершілік авторға немесе авторларға жүктеледі. Ұсынылған мақалада ресми статистикаға сәйкес келетін түпнұсқа ғылыми деректерді ғана пайдалану қажет. Мақаланы журнал редакциясына ұсына отырып, автор(лар) өздерінің жұмыстарын плагиатты анықтау үрдісін жүргізуге және оның нәтижелерін жүйенің сандық базасында сақтауға келісім беруін мойындайды.
  3. Басқа зерттеушілерден материалдарды алған жағдайда тиісті сілтеме жасалуы қажет. Мақалада талқыланған нәтижелер басқа зерттеушілердің репродуктивтілік өлшеміне сәйкес келуі керек. Деректерді өңдеудің барлық әдістері, сондай-ақ оларды түсіндіру логикасы ашық болуы қажет.
  4. Егер ақпарат жеке түрде, яғни, хат алмасу, әңгімелесу немесе үшінші тұлғалармен талқылау немесе құпия қызметтерді ұсыну барысында алынған болса, бұндай ақпарат тек ақпарат көзінің жазбаша рұқсатынмен берілген жағдайда ғана пайдалануға болады.
  5. Авторлар ерікті және еріксіз түрде плагиат үшін де жауап береді. Мақаланың кез-келген элементтерін (мәтін, графика, бастапқы деректер және т.б.) рұқсатсыз алу және қолдануға абсолютті түрде тыйым салынады. Авторлық құқық иелерінің келісімімен еңгізілген ақпараттар, сәйкесінше дұрыс нысанда ұсынылуы тиіс және тиісті сілтемемен бірге берілуі қажет. Барлық мақалалар Регламентке сәйкес плагиатты анықтау және алдын-алу үшін тексеруден өтеді.
  6. Авторлар жобаны қаржылық қолдаудың көздерін көрсетуде, нәтижелердің қарауға ұсынылған мақалада сипатталуда, сондай-ақ зерттеуге үлес қосқан тұлғаларды анықтауда да жауапты болып табылад.
  7. Егер автор өзінің жарияланған мақаласында елеулі қате немесе дәлсіздік тапса, ол журналдың редакторларына немесе баспагерге дереу хабарлауға және жарияланымды жою немесе өзгерту үшін редактормен бірлесіп жұмыс істеуге міндетті. Егер редактор немесе баспагер үшінші тараптан жарияланған жұмыста елеулі қателік бар екенін білсе және авторға осындай олқылық туралы хабарлаған болса, автордың міндеті – тез арада түзетулерді еңгізіп жіберу немесе редакторға ұсынылған мақаладағы мәліметтердің дәлдігін растау.
Журнал редакторларының жауапкершілігі
  1. Журналдың редакторлары журналдың жалпы бағытына сәйкес келетін, белгілі бір ғылыми зерттеу немесе кеңейтілген шолуды ұсынатын, бұрын жарияланбаған мақалаларды қарауға қабылдайды. Егер бұған дейін жарияланған жұмыс қаралып жатқан мақаланың нәтижелерін плагиатқа қарсы «StrikePlagiarism.com» бағдарламасымен тексеру нәтижелері бойынша 25 %-дан артық қайталайтындығы анықталса, редакциялық алқа авторлардың мақаланы жариялаудан бас тарту құқығын өзіне қалдырады.
  2. Журналдың редакторлары қарауға ұсынылған мақалаларға қатысты шешім қабылдауға жауап береді. Мақаланың ғылыми құндылығы, оның ғылыми прогресс үшін маңызы журналдың редакциялық алқасының мақаланы жариялауға қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылдауы үшін негіз болып табылады.
  3. Журналдың редакторлары мақалаларды қарап шығу барысында олардағы түпнұсқа ақпаратпен егжей-тегжейлі танысуы керек, алайда олар ешқандай жағдайда да оны өз зерттеулерінде немесе басқа жеке мақсаттарда пайдалануға құқылы емес. Мұндай ақпаратты пайдалануға мақала ресми жарияланғаннан кейін, жалпы қабылданған талаптарға сәйкес дұрыс баға белгілеу жүргізілген кезде ғана рұқсат етіледі.
  4. Журналдың редакторлары мен журналдың редакциялық алқасының мүшелері мақалаға тікелей байланысты тұлғалардың тар шеңберін қоспағанда, және мақаланы жариялауға, дайындау процестеріне қатысатын адамдарды қоспағанда, мақалалар туралы ақпараттармен басқалармен бөлісу құқығы жоқ.
  5. Журналдың редакторлары авторларға Central Asian Economic Review журналында жарияланған мақалалардың дәйексөздерін қандай да бір жағдайда жасанды түрде жоғарылату үшін талап етпеуі керек.
  6. Редакторлар жариялауда мақалаға сілтеме жасаудың дәлдігі мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.
  7. Редакторлар ғылыми мақалаларды нәсіліне, жынысына, жыныстық бағдарына, діни сенімдеріне, этникалық тегіне, азаматтығына немесе авторлардың саяси көзқарастарына қарамастан бағалануы тиіс.
Рецензенттердің жауапкершілігі
  1. Журнал мақалаларына шолу жасырын болып табылады. Авторларын мақаласын кім қарағаны туралы ақпарат берілмейді.
  2. Рецензенттер шолуға ұсынылған мақалалар туралы ақпаратты бөтен адамдарға ұсынбауы қажет.
  3. Мақала жарияланғанға дейін, рецензенттер, ешқандай жағдайда да, зерттеу барысында қол жеткізген ақпаратты өздері немесе басқа жеке мақсаттар үшін пайдалануға құқылы емес.
  4. Рецензенттер мақалаларға журналдың редакторы белгілеген мерзімде (екі аптадан аспайтын) ғылыми сараптама жүргізуі керек. Егер көрсетілген мерзімде қарау мүмкіндігі болмаса, рецензент бұл туралы дереу редакцияға хабарлауы қажет.
  5. Мақалаларға сараптама жүргізу кезінде рецензенттер максималды объективтілікке ұмтылуы керек. Мақаланы бағалаудың жалғыз өлшемі оның ғылыми маңыздылығы. Рецензенттің жеке қалауына негізделген шешімдер қабылданбайды.
  6. Рецензент пен автордың арасындағы кез-келген нысанда мүдделер қайшылығы туындаған жағдайда, рецензент журналдың редакциясы туралы дереу хабардар етуі қажет және оны қарастырудан бас тарту қажет болады.
Мүдделер қақтығысы
Барлық мүдделі тараптар мақаланы баспасөзге жариялау процесінің барлық кезеңдерінде кез-келген түрдегі мүдделер қақтығысының туындауына жол бермеуі керек. Кез келген түрдегі мүдделер қайшылығы туындаған жағдайда, мұндай жанжалды алғаш ашқан адам бұл туралы дереу редакцияға хабарлауы керек.
© 2020 CAER
Байланыс
Жандосова, 55, Алматы, Қазақстан, 050035
+7 (727) 377-12-78
caer@narxoz.kz