CAER

ТЕХНОПАРКТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

АҢДАТПА
Зерттеудің мақсаты. Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымының негізгі компоненті ретінде технопарктердің қызметін зерттеу жəне дамыту үшін ұсыныстарды негіздеу.
Зерттеу əдіснамасы. Зерттеу барысында авторлар келесідей жалпы ғылыми таным əдістерін қолданды: жүйелілік, статистикалық талдау, салыстыру жəне болжау.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Мақалада Қазақстандағы қолданыстағы технопарктердің қалыптасуы мен қызметіне талдау жасалынды, технопарктердің шетелдік үлгілер қарастырылды. Технопарктердің маңыздылығы айқындалып, оларды дамыту жолдары ұсынылды. Зерттеудің нəтижелері:
1) инновациялық инфрақұрылымның экономикалық мəні жəне оның элементтері тұжырымдама- сының теориялық жəне əдіснамалық аспектілері зерттелді;
2) Қазақстандағы инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру жəне дамыту саласындағы мемлекеттік саясаты талданды;
3) шетелдік тəжірибені зерделеу негізінде білімге негізделген экономикада технологиялық парктер- ді қалыптастыру тенденциялары мен факторлары анықталды.
Қорытынды. Технопарктерді құру мен басқарудың тəжірибесі қарастырылды жəне олардың негізінде Қазақстанның технологиялық парктерін дамыту жолдары ұсынылды.
Түйін сөздер: инновация, инновациялық инфрақұрылым, технопарктер, конструкторлық бюро, бизнес инкубатор.
KZ