Зерттеудің мақсаты. Шетелдік тəжірибені зерттеу жəне талдау негізінде Қазақстандағы «жасыл» құрылыстың проблемалары мен даму перспективаларын анықтау.
Зерттеу əдіснамасы. Қазақстандағы «жасыл» құрылыстың қазіргі жай-күйін зерттеу жəне даму перспективаларын анықтау процесінде экономикалық зерттеулердің жалпы жəне жеке тəсілдері мен əдістері қолданылды: талдау жəне синтез, салыстыру жəне қорыту, топтау, ақпаратты жинау жəне оны өңдеудің экономикалық-статистикалық əдістері.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Қазақстанда «жасыл» құрылысты дамытудың қажеттілігі мен экологиялық-экономикалық жəне əлеуметтік орындылығы негізделген. Зерттеудің нəтижелері. Республикада «жасыл» құрылысты жандандыру жəне одан əрі дамыту жөнінде нақты шаралар ұсынылды.
Қорытынды. Қазақстан Республикасындағы «жасыл» құрылыстың қазіргі жай-күйін зерттеу мен жүргізілген талдау нəтижесінде проблемалар анықталды жəне оны одан əрі дамыту жөнінде нақты ұсыныстар əзірленді.
Түйін сөздер: «Жасыл» құрылыс, «жасыл» құрылыс тұжырымдамасы, «жасыл» стандарттар, «жасыл» құрылыс қағидаттары, «жасыл» құрылыс бағыттары.