CAER

ҚАЗАҚСТАН АЙМАҚТАРЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КЛАСТЕРЛЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ: МҮМКІНДІКТЕРДІ БАҒАЛАУ ЖƏНЕ АНЫҚТАУ

АҢДАТПА
Зерттеудің мақсаты. Мақала Қазақстан аймақтарында ақпараттық-коммуникациялық тех- нологиялар (АКТ) кластерлерін қалыптастыру мүмкіндіктерін бағалау жəне анықтау үшін жал- пы методологиялық тəсілдерді дамытуға арналған. Бұл зерттеу жұмысында АКТ кластерлерін қвлыптастыру өсу полюсі ретінде қарастырылады. Бұл полюстер АКТ саласындағы ортақ сипаттама- лармен байланысқан компаниялар мен институттардың тобын құруға негізделген.
Зерттеу əдіснамасы. Зерттеу жұмысында Қазақстан аймақтарындағы инновациялық даму жəне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тарату мүмкіндіктері үшін қажет АКТ кластерлерін талдау жəне анықтауға бағытталған əдістер қолданылды. Инновациялық потенциал мен салалық ма- мандандыруды бағалаудың типтік формасын көрсетуге арналған əдістік құралдар ұсынылды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Берілген бағалау АКТ кластерлерін қалыптастыру үшін потен- циалды маңызды аймақты объективті түрде жəне шынайы анықтауға мүмкіндік береді.
Зерттеу нəтижелері. Эмпирикалық талдау Алматы жəнее Нұрсұлтан қалаларында АКТ кластерлерін қалыптастыру мүмкіндіктерін үшін белгілі тенденцияларды анықтады. Сондықтан бұл аймақтар жаңа буын үшін мамандандырылған алаң рөлін ойнайды. Бұл платформа агломерацияны жəне жақын аумақта орналасқан немесе периферияларды дамытуға мультипликативті əсер етуді қамтамасыз етуі тиіс.
Түйін сөздер: аймақтық даму, өсу полюсі, агломерациялық эффект, АКТ кластері, мамандандыру.
2020-07-09 00:56 KZ