ДƏУІРЛЕУ АДАМЗАТ ӨРКЕНИЕТІНІҢ ƏЛЕУМЕТТІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ƏЛЕУМЕТТІК-МƏДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН БОЛЖАУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
АНДАТПА Зерттеудің мақсаты. Қоғамның əлеуметтік-мəдени құндылықтарының дамуын болжау үшін адам өркениетінің əлеуметтік-технологиялық дамуын талдау. Зерттеу əдіснамасы. Технологиялық болжау əдіснамасы шеңберінде логикалық талдау жəне син- тездеу əдістері. Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Базалық технологиялардың дамуына жəне əлеуметтік-мəдени құндылықтардың өзгеруіне белсенді əсер ететін факторларды анықтау. Зерттеу нəтижелері. Адамзат өркениетінің əлеуметтік-ғылыми-технологиялық дамуының болжа- мы негізінде қоғамның əлеуметтік-мəдени құндылықтарының өзгеру бағыттары зерттелді. Қорытынды. 6-технологиялық бағыттағы технологиялардың таралу аумақтарының əлеуметтік- мəдени дамуын модельдеу негізінде болжам осы аумақтардың əлеуметтік-экономикалық даму процестерінің ықтимал салдарын болжауға, сондай-ақ жаңа инновациялық толқындар жағдайында олардың əлеуметтік-мəдени құндылықтарын қайта құруды жобалауға мүмкіндік береді. Түйін сөздер: əлеуметтік-технологиялық даму, əлеуметтік-мəдени құндылықтар, инновациялық ойлау.