Зерттеудің мақсаты. Қазақстанда кəсіпкерлікті мемлекеттік реттеу мен басқарудың өзекті мəселелерін зерттеу. Қазіргі уақытта кəсіпкерлік саласы ұлттық экономиканың аса маңызды, стратегиялық маңызды жəне басым салаларының бірі болып табылады.
Зерттеу əдіснамасы. Жұмыста макроэкономикалық, статистикалық жəне мінез-құлық тəсілдері қолданылған. Мақалада бизнес пен кəсіпкерлікке мемлекеттің реттеушілік əсерін, кəсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің қағидаттар мен əдістерін, кəсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі басымдықтарын зерттеуге баса назар аударылды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Бұл Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің қазіргі мəселелерін анықтау жəне оларды шешудің ықтимал жолдарын негіздеу.
Зерттеу нəтижелері. Шағын жəне орта кəсіпкерліктің серпінді дамуының қазіргі жағдайында, шаруашылық субъектілердің жоғары іскерлік белсенділік жағдайында, кəсіпкерлік қызметін реттеуде жəне басқаруда мемлекет маңызды, үлкен рөл атқарады.
Қазіргі жағдайда кəсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу ерекше маңызға ие, жүргізілген əкімшілік реформалар кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде əкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталса да, шаруашылық жүргізуші субъектілердің жұмыс істеуіне, қызмет атқаруына тікелей мемлекеттік ықпал етудің мəнін жете бағаламауға болмайды.
Кəсіпкерліктің белсенді жəне серпінді дамуы экономикалық дамуының инновациялық жəне нəтижелі өнімді сипаты үшін негізі болып табылады.
Түйін сөздер: мемлекет, кəсіпкерлік, мемлекеттік басқару, мемлекеттік реттеу, реттеуші ықпал, мемлекеттік қолдау, жұмыспен қамту.