Зерттеудің мақсаты. Қаржы-шаруашылық іс-əрекеттің жоспарлық нəтижелерін ескерумен капиталды бөлудің көптеген əрқилы нұсқасын үлгілеу негізінде, ең экономикалық тиімдісін таңдауға мүмкіндік беретін кəсіпорынның оңтайлы кредиттік жүктемесін айқындаудың экономико-математикалық үлгісін іске асыру құралын əзірлеу.
Зерттеудің əдіснамасы. Интуитивтік-логикалық талдауына негізделген сараптамалық бағалау əдісі қолданылған. Экономико-математикалық үлгілеу жасалған.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Мақалада кəсіпорынның кредиттік жүктемесін оңтайландыруға тəсілдер қарастырылды жəне қарыздық жүктеме тəуекелінің шекті деңгейі кезінде кəсіпорынның құны ең көп болатындай кредиттердің көлемін анықтауға мүмкіндік беретін экономикалық-математикалық үлгі əзірленді. Үлгіні əзірлеуде орта жəне ірі кəсіпорындардың капиталдарының құрылымы жөніндегі жинақталған ақпаратты талдау нəтижелері негіз болды.
Зерттеудің нəтижелері. Авторлармен жеке капиталдың құнын, қаржылық қиыншылықтар тəуекелділігінің ықпал етуін, қаржылық иінтіректің болжамды динамикасын, пайыздық мөлшерлеменің ықтимал диапазонын, табыстардың өсуін жəне қаражаттар көздерінің құрылымын таңдау кезін- де кəсіпорынның жеке меншік иелерінің жəне олармен байланысты тұлғалардың мүдделерін толық көлемде келісетін компанияның қаржыландыру саясатының өзге аспектілерін ескеретін кредиттік жүктеменің оңтайлы көлемінің үлгісі есептеліп, экономикалық негізделді.
Түйін сөздер: кредиттік жүктеме, капиталдың оңтайлы құрылымы,капитал құрылымын басқару жүйесі, экономико-математикалық үлгі, қарыз капиталы.