ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТУРИСТІК-РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ АЙМАҚТАРЫ ТАРТЫМДЫ ТУРИСТІК БАҒЫТТАРЫ РЕТІНДЕ
АҢДАТПА Туристік-рекреациялық аймақтарды салыстырмалы талдауды, сондай-ақ аймақтардың тартымды туристік бағыттар ретінде таралу дəрежесін қолдана отырып, Қазақстан аймақтарындағы туризмнің басым түрлерін анықтау мақаланың зерттеу мақсаты болып табылады. Зерттеу барысында авторлар танымның жалпы ғылыми əдістерін: диалектикалық, талдау жəне синтез, дерексіз-логикалық, сауалнамалар, арнайы зерттеу əдістері: аналитикалық жəне графикалық тəсілдерін қолданды. Қазақстанның туристік жəне рекреациялық аймақтарын жалпыланған түрде салыстырмалы талдау нəтижелері мақаланың ерекшелігі болып отыр. Зерттеудің негізгі нəтижелері Қазақстанның туристік жəне рекреациялық аймақтарының кіру туризмін дамытудың басым түрлерін анықтау болып табылады. Қорытындылай келе, авторлар туристік жəне рекреациялық аймақтарды дамыту бүкіл əлемнен ту- ристерді тартатындығына, сондықтан барлық халықаралық стандарттарды ескере отырып, Қазақстан аймақтарындағы туристік-рекреациялық аймақтардың тиімді дамуына кедергі келтіретін мəселелерді шешу қажет деген қорытындыға келді. Түйін сөздер: туризм, рекреация, ресурстар, қызметтер, аймақ.