CAER

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ ЖƏНЕ ҚОЛ ЖЕТІМДІЛІГІ: ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖƏНЕ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

АҢДАТПА
Зерттеудің мақсаты. Жұмыстың мақсаты-тұрғын үймен қамтамасыз ету бөлігінде қазіргі заманғы жағдайды түсіндіру жəне барабар тұрғын үйге қол жеткізу проблемаларын шешудің əлемдік жəне қазақстандық тəжірибесін талдау болып табылады.
Зерттеу əдіснамасы. Зерттеу барысында салыстырмалы, статистикалық жəне графикалық талдау əдістері қолданылды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Əлеуметтік нарықтық экономика дамып келе жатқан əлемде əлеуметтік саясат адамдардың əл-ауқатын арттыруға, оның ішінде лайықты өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Осы зерттеу нəтижесінде халықтың барлық жіктері үшін барабар тұрғын үйді қамтамасыз ету саласындағы халықаралық тəжірибе мен саясат ұсынылды.
Зерттеу нəтижелері. Ел азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз етумен айналысатын мемлекеттік органдардың қызметінде, сондай-ақ үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың жұмысында қолдануға болады.
Қорытынды. Барабар тұрғын үйді қамтамасыз ету саласындағы əлемдік саясатты талдау барысын- да Қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етудің қазақстандық моделін жетілдірудің негізгі бағыттары айқындалды. Бұл мəселе халықтың əлеуметтік қорғалмаған топтарына ғана емес, жұмыс істей- тін адамдар мен балалары бар отбасыларға да қатысты. Бұл жұмыс жүйелі тəсілді талап етеді жəне лайықты тұрғын үйге қол жеткізуді қамтамасыз етудің барлық бағыттарына назар аударуды көздейді.
Түйін сөздер: мемлекет, салу, қолжетімді тұрғын үй, барабар тұрғын үй.
KZ