ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТЫ: ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕЛЕР ЖƏНЕ ОНЫ ІСКЕ АСЫРУ БАҒЫТТАРЫ
АҢДАТПА Зерттреудің мақсаты. Қазақстанда жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын іске асырудағы өзекті мəселелер мен бағыттарды зерттеу. Жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясаты тек макроөңірлердің ғана емес, бүкіл мемлекеттің деңгейінде жұмыспен қамтуды, жұмысқа орналастыруды реттеу мен болжаудың сапалы жəне сандық дəлелденген құралы. Зерттеудің əдіснамасы. Макроэкономикалық талдау əдістері (аналитикалық деректер мен статистикалық көрсеткіштерді), жүйелік тəсіл əдісі қолданылды. Əдістемелік негізді халықты жұмыспен қамту саласындағы заңнамалық құжаттар жəне Статистика комитетінің деректері құрады. Зерттеудің бірегейлігі /құндылығы. Зерттеу фокусы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын зерделеу мен іске асыруды талдауға, еңбек нарығының өзекті мəселелеріне жəне оларды тиімді шешуді іздеуге, нəтижелі жұмыспен қамтуды жəне жаппай кəсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын зерттеуге жəне талдауға бағытталды. Зерттеу нəтижелері. Еңбек нарығының қазақстандық моделін қалыптастыру жəне 2020 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаға негізгі параметрлерін қалыптастыру ұлттық еңбек нарығындағы қалыптасқан жағдайды ғана емес, дағдарыстан кейінгі кезеңдегі əлемдік еңбек нарығындағы өзгерген конъюнктурасын ескеруге тиіс. Түйін сөздер: жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясаты, еңбек нарығы, жұмыспен қамту, нəтижелі жұмыспен қамту, жұмыссыздық, еңбек ресурстары.