ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫНДА ГЕНДЕРЛІК БІЛІКТІЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
АНДАТПА Зерттеу мақсаты. Осы ғылыми мақаланың негізгі мақсаты: күшті жəне əлсіз жақтарын, сонымен қатар гендерлік теңдік жəне Қазақстанда гендерлік тəсілдерді кеңінен енгізу саласындағы саясатты реформалаудың мүмкін бағыттарын қарастыру. Зерттеу əдіснамасы. Бұл ғылыми мақаланың əдіснамалық негізі - ресми статистикалық ақпараттарды, ашық дереккөздерді талдау, сондай-ақ гендерлік теңдік саласындағы отандық жəне ше- телдік ғалымдардың жұмыстары. Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Қазіргі қазақстандық қоғамда гендерлік саясатты іске асыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты болып табылады, дəл осы сала қазіргі уақытта қазақстандық мемлекеттілікті нығайту мен қоғамды жаңарту үшін маңызды ресурсқа айналуда. Зерттеу нəтижелері. Əлемдік тəжірибе көрсеткендей, стратегиялық маңызды шешімдер қабылдайтын əйелдер гендерлік теңдік процестерін жеделдетуге ықпал етеді жəне осы шешімдердің нəтижелері экономиканың тұрақты жұмысына жаһандық оң əсер етеді. Мемлекет əйелдердің саяси көзқарастарына қарамастан қоғамдық жəне саяси өмірге қатысу құқығын қамтамасыз ету үшін шара- лар қабылдауы керек. Əйелдердің ассоциацияға құқығын іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға жəрдемдесу. Əйелдердің жаңа қоғамдық бірлестіктерінің ашылуына, олардың қоғамдағы қызметі мен қатысуына ықпал ету. Түйін сөздер: ер, əйел, теңдік, гендерлік саясат, гендерлік алшақтық, гендерлік еңбек бөлінісі.