АКАДЕМИЯЛЫҚ ЕРКІНДІКТІ ӨМІРГЕ ЕНГІЗЕМІЗ
Академиялық Көшбасшы Бағдарламасы
10 – 19 наурыз
ҰЗАҚТЫҒЫ: 36 САҒАТ
1-Модуль
Ректорлар, Проректорлар, Декандар
6 сағат
2-Модуль
Профессорлық-оқытушылық құрамы
30 сағат
Өту мерзімі:
Курстың ұзақтығы:
Сабақтың өту орны:
Оқу формасы:
Сабақтың өту тәртібі:
Курсты бітіргендігі жөнінде құжат:
10 – 19 наурыз
36 академиялық сағат
Zoom платформасында
on-line
аптасына 3 рет, 2 апта
Біліктілікті арттырғаны туралы сертификат
Бүгінде Қазақстанда білім беруді халықаралық стандарттарға сәйкес дамыту мәселелері бойынша көптеген пікірталастар жүріп жатыр.

Академиялық еркіндік, дипломды, диплом қосымшасын (Diploma supplement) өз үлгіңде беру, сапаны қамтамасыз ету және арттыру, сондай-ақ халықаралық аккредитация - бұл тек талқыланып жатқан мәселелердің тек бірқатары ғана.

Қазақстан жоғары білім беру жүйесін үнемі модернизациялаумен келеді. Оның көптігі сондай, бұл салада координациялау мен жүйелеу жоқ сияқты көрінеді. Бір бастама басталмастан екіншісіне өтіп жатырмыз, мәселе туралы жалпы түсінігіміз де жоқтығы байқалады.

Академиялық Көшбасшы Бағдарламасы халықаралық стандарттарды ұстануды қамтамасыз ете алатын, ұйымдардың дамуына керекті жүйелер мен процестерге, оның негізгі мәселелеріне сипаттама береді. Алға қойған бұл үлкен міндеттерді іске асыру үшін осы бағдарламаның басты ұстанымдарын жоғары оқу орнының операционалдық қызметіне енгізу - осы бағдарламаның басты философиясы болып табылады.

Осы ұсынылған ұстанымдарға негізделген операционалдық мәдениетті дамытпайынша, осы философияны қабылдамайынша, халықаралық стандарттағы білім беруді қамтамасыз ету мүмкін емес.

Стратегияны және қаржыны байланыстыру
стратегияны операционалдық қызметке енгізу және бағалауға бағдарланған мониторингтің оңай жүйесін жасау;

студентке бағдарланған оқыту
студенттерді процеске жұмылдыратын, оларға барынша жоғары сапалы білім беруді басшылыққа алатын, студентке бағдарланған оқыту философиясын қабылдау;
ұйымшыл көшбасшылық
академияшыл және ұйымшыл көшбасшылыққа негізделген команданы дамыту;
тұлға дамуына ықпал ету
қолдау көрсету, оларды анықтау, профессор-оқытушылар құрамы мен әкімшілік қызметкерлерді кәсіби дамуға ынталандыру, студентке бағдарланған сапалы білім беру;
ынтымақтастық мәдениет
білім беру процесіне қатысушылардың барлығының әлеуетін іске асыра алатын ынтымақтастық мәдениетті дамыту және тәрбиелеу;
халықаралық стандарттар
халықаралық стандарттарға сәйкес келетін білім беру бағдарламаларын жасау және ұсыну, ол стандарттарды көпшілікке көрсету.
БАҒДАРЛАМА СПИКЕРЛЕРІ
Мирас Дәуленов
PhD, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі
Станислав Буянский
PhD, LL.M., Нархоз Университетінің ректоры м.а.
Талғат Нәрікбаев
М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің Басқарма Төрағасы
Қуаныш Ерғалиев
MD MPH DrPH, Сүлеймен Демирель атындағы университеттің ректоры
Лоретта О'Доннелл
PhD, Назарбаев Университетінде академиялық істер жөніндегі вице-провост
Юан Симпсон
PhD, Нархоз Университеті Цифрлық технологиялар мектебінің деканы
Сәуле Кемелбаева
PhD, 2020 жылдан бастап М.Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ-дың Экономика жоғары мектебінің деканы
Нұрила Шаханова
Философия ғылымдарының докторы, Фулбрайт бағдарламасының зерттеушісі (University of Wisconsin-Madison, АҚШ).
Дильбар Гимранова
MBA, M.Phil, Нархоз Университеті Экономика және менеджмент мектебінің деканы
Станислав Буянский
Нархоз Университетінің ректоры м.а. 2002 жылы Мәскеу қаржы-заң академиясын "заңгер" мамандығы дипломымен аяқтады. 2006 жылы Мәскеу гуманитарлық университетінің халықаралық құқық кафедрасында диссертациясын қорғап, заң ғылымдарының кандидаты атанды. 2018 жылы Пенсильвания (АҚШ) штаты университетінің Заң мектебінде LL.M. дәрежесін алды.

Әр жылдары "Тәуекелдерге талдау және экономикалық қауіпсіздік" кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетінде "Шаруашылық жүргізуші субъект қызметіндегі комплаенс-бақылау" магистрлік бағдарламасының жетекшісі қызметтерін атқарды. 2019 жылы Станислав Нархоз Университеті Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің деканы болды.
Қуаныш Ерғалиев
MD MPH DrPH, Сүлеймен Демирель атындағы университеттің ректоры. 2006 жылы Алматы қаласындағы С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін үздік бітірді. 2009 жылы АҚШ-тағы Тулейн Университетінде "Денсаулық сақтау жүйесі менеджменті" мамандығы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау магистрі дәрежесін алды. 2013 жылы Қазақ тұтынушылар одағы Қарағанды экономикалық университетінде Экономика және бизнес бакалавры дәрежесін алды. 2019 жылы халықаралық "Болашақ" бағдарламасы бойынша Т.Х.Чан атындағы Гарвард қоғамдық денсаулық сақтау мектебінде қоғамдық денсаулық сақтау докторы дәрежесін алды.

Еңбек жолын Алматы қаласындағы медициналық жедел жәрдем станциясында фельдшерліктен бастаған. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде және Назарбаев Университетінде басшылық қызметтерді атқарған. Денсаулық сақтау саласына қатысты бірқатар ғылыми еңбектердің авторы.


Лоретта О'Доннелл
PhD, Назарбаев Университетінде академиялық істер жөніндегі вице-провост. Доктор О'Доннелл академиялық істер жөніндегі вице-провост ретінде білім беру бағдарламаларының академиялық сапа жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкес дамыту бойынша декандардың жұмысын үйлестірумен айналысады. Ол Университеттің академиялық миссиясын және Университет тәжірибесін жергілікті және аймақтық жоғары оқу орындарына көшіруді іске асыру бойынша Назарбаев Университетінің стратегиялық серіктестерімен байланыс орнатады.

Доктор О'Доннелл қаржы нарығындағы адам капиталына талдау жасау саласындағы зерттеулері үшін марапаттарға ие болған.Бұған дейін ол Сиднейдегі және Чикагодағы ірі халықаралық фирмада, сондай-ақ өзгерістерді қолдауды басқару жүйесін жасауға маманданған бутик-фирмада ұйымдастыруға қатысты өзгерістер бойынша кеңес берумен айналысқан. Менеджмент саласының PhD докторы (Маккурори Жоғары менеджмент мектебі), MBA (AGSM, UNSW), жоғары білім туралы дипломы мен өнер бакалавры дәрежелері оның академиялық біліктілігін көрсетеді.

Юан Симпсон
PhD, 2021 жылдың ақпан айында Нархоз Университеті Цифрлық технологиялар мектебінің деканы болып тағайындалды. Оған дейін ол Нархоз Университетінде (2018-2021), КИМЭП Университетінде (2004-2014) түрлі оқытушылық, басқарушылық қызметтерді атқарып, Қазақ-Британ техникалық университетінде Бизнес-мектеп деканы болды (2014-2018). Қазақстанның жоғары оқу орындарында істеген он алты жылдан астам уақыт ішінде доктор Симпсон ел болашағы үшін сапасы мықты жоғары білімнің маңызды рөл атқаратынын, экономика мен қоғамның қызметін терең тани түсті. Доктор Симпсон КИМЭП пен ҚБТУ-да интернационалдандыру және аккредитациялау бойынша табысты жұмыс істеді және Нархоз Университеті бағдарламаларын интернационалдандыру және аккредитациялауда маңызды рөл атқарып келеді. Мұның барлығы 1993-2004 жылдардағы Глазго Университетіндегі зерттеушілік тәжірибелеріне сүйене отырып жүргізілді.

Доктор Симпсон докторлық диссертациясын 1999 жылы Глазго Университетінде менеджмент бойынша қорғады. Сонымен қатар, оның зерттеушілік және консалтингтік қызметі студенттерге оң жағдай жасау, интернационалдандыру, білімге негізделген кәсіпкерлік пен экономика, жасампаз экономика құру, аэроғарыштық өнеркәсіп, металлургия, АТ, видеоойындар индустриясы мен туризмге бағытталған кластерлік-карта құрастыруға бағдарланған.

Доктор Симпсон, сондай-ақ, өте тәжірибелі оқытушы және тренер, түрлі тыңдаушылармен тиімді қарым-қатынас орната алады. Ол Орталық Азияда, Африкада, Азия және Ұлыбритания елдерінде көшбасшылық бойынша тренингтер жүргізді. Бүгінде бакалавриат студенттерінен бастап, жоғары саты басқарушыларының бәрін оқытуды жалғастыруда.

Сәуле Кемелбаева
PhD, 2020 жылдан бастап М.Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ-дың Экономика жоғары мектебінің деканы. Қазақстанның жоғары білім беру саласындағы түрлі қызметтерді атқаруда 20-жылдық тәжірибесі бар. 2003 жылы Қарағанды экономикалық университетінде экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесін, ал 2020 жылы Ньюкасл Университетінде (Ұлыбритания) PhD дәрежесін алды, "Болашақ" бағдарламасының стипендиаты. Зерттеу саласы - жоғары білім экономикасы, маманданған саласы - микроэконометрика әдістері. PhD диссертациясы бойынша жазған "Қазақстандағы білімнің қолжетімділігі және қайтарымы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы білім берудің экономикалық қайтарымын анықтайтын тетіктерді және оған соңғы кездердегі жоғары білім берудегі реформалардың әсерін анықтап берді.

Терең білімі мен көпжылдық тәжірибесінің арқасында жоғары білім экономикасының және басқа да көптеген бүгінгі күннің мәселелерін шешудің жолдарын анықтауда терең түсінігі бар.

Нұрила Шаханова
Философия ғылымдарының докторы, Фулбрайт бағдарламасының зерттеушісі (University of Wisconsin-Madison, АҚШ).

Доктор Шаханова Қазақстанның жетекші университеттерінде - соның ішінде әл-Фараби және Гумилев атындағы Ұлттық университеттерде, КИМЭП университетінде академиялық және басқарушылық тәжірибе алған. Бүгінде Нархоз Университетінің Сапаны қамтамасыз ету және аккредитациялау бөлімін басқарып отыр.

Доктор Шаханова ТжКБб және жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жүйесімен байланысты ТЕМПУС-ТАСИС, АБР және USAID сияқты түрлі білім беру жобаларына белсене ат салысты. Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық аккредитациялау орталығына басшылық етті (2008-2011ж.ж.).

Дильбар Гимранова
MBA, M.Phil, Нархоз Университеті Экономика және менеджмент мектебінің деканы. КИМЭП және ҚазМЗУ сияқты Қазақстанның жетекші университеттерінде 20 жылдан астам академиялық және әкімшілік тәжірибе алған. Түрлі академиялық және басқарушылық қызметтерді атқарған.

Дильбар соңғы бес жылдан бері Қазақстандағы академиялық шыншылдық бойынша Халықаралық конференцияның бірлескен құрылтайшысы және бірлескен төрағасы.

Талғат Нәрікбаев
2008 жылдың маусым айынан бастап М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті нің Басқарма Төрағасы болып табылады. КАЗГЮУ Университетіндегі қызмет жолын Т. Нәрікбаев 2007 жылы Президент лауазымынан бастады. 2013 жылдың сәуір айынан бастап 2019 жылдың маусымына дейін КАЗГЮУ Университетінің Ректоры болып қызмет атқарды.

КАЗГЮУ Университетіне дейін Т.М. Нәрікбаев ҚР СІМ және ҚР ҰҚК органдарында (1999 жылдан бастап 2006 жылға дейін), сондай-ақ 2006 жылы ҚР СІМ Еуропа және Америка департаментінің кеңесшісі лауазымында қызмет еткен.

Раимжанова А. Ж.
Раимжанова А. Ж. бакалавр дәрежесін Рочестер Университетінде (АҚШ), Менеджмент мамандығы бойынша магистр дәрежесін Ридженс Университетінде (Ұлыбритания) және Ph.D докторы дәрежесін (magna cum laude) Мәдени дипломатия Институты (Германия) мен Бухарест Университеті бірлескен бағдарламасы бойынша алды. Диссертация тақырыбы: «Күш: қатаң, жұмсақ әлде ақылды ма? Білім беру Қазақстандағы «ақылды» күштің құралы ретінде».

Қазіргі кезде А. Раимжанова «Нархоз Университеті» КЕАҚ ғылыми-зерттеу, соның ішінде ғылыми зерттеулер бөлімі, кітапхана және докторантура департаменті қызметін қадағалайды.
БАҒДАРЛАМА ЖОСПАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

1-Модуль (6 сағат)

10.03.2021
Айгерим Раимжанова
Модератор
PH.D., Академиялық қызмет жөніндегі проректор орынбасары
09:30-09:50
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрінің сөзі
Мирас Дәуленов
09:50-10:10
Университеттегі стратегиялық менеджмент: ұйымдастырушылық құрылымның академиялық процестердің тиімділігіне әсері.
Станислав Буянский
10:10-10:30
Академиялық сапа менеджменті жүйесі. М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің тәжірибесінен.
Талгат Нарикбаев
10:30-11:00
Жоғары білімді интернационалдандыру. Академиялық еркіндікке басымдық.
Юан Симпсон
11:00-11:30
Студенттерге, оқытушылар мен қызметкерлерге арналған академиялық еркіндік мәдениетін жасау жүйесі
Лоретта О'Доннелл
11:30-12:00
Қазақстанның сапаны қамтамасыз ету жүйелері.

Сүлеймен Демирель атындағы Университетінің тәжірибесінен.
Қуаныш Ерғалиев
12:00-13:00
Қазақстандық жоғары оқу орындардың дипломын халықаралық мойындау: сын-қатерлер, даму жолдары.
Сәуле Кемелбаева, Лоретта О'Доннелл
14:00-14:30
Диплом қосымшасынан университет туралы не білуге болады?
Дильбар Гимранова
14:30-15:00
Академиялық көшбасшы болу дегеніміз не және ол не үшін маңызды?
Юан Симпсон
15:00-15:45
Университет стратегиясы мен қаржысы, интернационалдандырудың маңызды көрсеткіштері
Юан Симпсон
16:00-16:45
Оқу орнынан зерттеуші университетке дейінгі жол - бұл стратегия қаншалықты қолжетімді?
Сәуле Кемелбаева
2-Модуль (30сағат)
Оқытушылар мен БбБ жетекшілеріне және әкімшілік бөлімшелеріне

12.03.2021
10:00-10:30
Сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесі және құжаттама. Сапаны кафедра/ҒБбД және факультет/Мектеп деңгейлерінде қамтамасыз ету саясатын қалыптастыру.

Дильбар Гимранова
+ матералды өз бетімен оқу
11:00-11:45
Халықаралық аккредитация: абырой ма, қажеттілік пе? Жоғары оқу орнының халықаралық аккредитацияға дайындығы.


Дильбар Гимранова
+ матералды өз бетімен оқу
10:30-11:00
Ұлттық аккредитация, ЖОО-ның даму алгоритмі бойынша пост-аккредитациялық мониторинг. Өзін-өзі бағалау бойынша Есеп жазу өнері.

Нұрила Шаханова
+ матералды өз бетімен оқу
12:00-12:30
Ішкі және сыртқы сапаны бағалауды ескере отырып, білім беру бағдарламаларының портфолиосын басқару

Екатерина Каменева

Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры

14:00-14:45
Пәндер каталогі - негізгі құжат ретінде. Каталогті жасау және жаңарту.

Қамар Қожахметова

Нархоз Университеті
Экономика және менеджмент мектебі деканының даму бойынша орынбасары

+ матералды өз бетімен оқу
17.03.2021 - 18.03.2021

Валерия Красникова, "Басқару және ақпараттық жүйелер" мамандығы бойынша магистр, University of Manchester, Ұлыбритания
17.03.2021
14:00-17:00
Институционалдық зерттеулердің құралдары мен әдістері: 1-бөлім.
Практикалық тапсырма
Институционалдық зерттеулердің маңызды аспектілері. Мақсатты белгілеу. Зерттеудің бағыттарын анықтау. Мақсатты аудиторияны айқындау. Мерзімдік шектеулер.
18.03.2021
10:00-12:00
Институционалдық зерттеу құралдары мен әдістері: 2-бөлім.


Сауал жүргізу құралын таңдау. Мәліметтерді жинауды ұйымдастыру. Жекелеген компьютерлік бағдарламаларды және қосымшаларды пайдаланудың үлгісі: Google Forms.
18.03.2021
14:00-16:00
Институционалдық зерттеу құралдары мен әдістері: 3-бөлім.
Практикалық тапсырма
Мәліметтерді енгізу, өңдеу және тексеру. Техникалық құралдарға, құралдарға шолу жасау. Ішкі қолданыс үшін есептілік. Нәтижелерді сыртқары аудиторияға ұсыну.
19.03.2021
10:00-10:45
Тұтастық әртүрлілікте: факультеттің/мектептің жұмыс сапасын қамтамасыз ету бойынша Комиссия жұмысын ұйымдастыру.
Нұрила Шаханова
11:00-11:45
Халықаралық серіктесті таңдау (қос диплом, академиялық ұтқырлық т.б. бағдарламалары бойынша)

Дильбар Гимранова

Айнагүл Адамбекова экономика ғылымдарының докторы, профессор, DiplFR, CIMA, CIB, «Қаржы және мәліметтер аналитикасы» ғылыми-білім беру департаментінің директоры, Нархоз Университеті Экономика және менеджмент мектебі,

Алма Қаршалова, PhD докторы, «Есеп, талдау және аудит» ғылыми-білім беру департаментінің директоры, Нархоз Университеті Экономика және менеджмент мектебі
12:00-12:30
ПО құрамын кәсіби дамуға және мансапта өрлеуге ынталандырудың тетіктері, мотивация беру.
Дильбар Гимранова
14:00-17:00
Институционалдық зерттеу құралдары мен әдістері: 4-бөлім.
Валерия Красникова
Жекелеген компьютерлік бағдарламалар мен қосымшаларды пайдаланудың үлгісі: Power Query және Pivot Tables. Білім алушылардың, бітірушілердің және олардың жұмыс берушілерінің қанағаттануын анықтау сауалнамаларын жүргізу және ұйымдастырудың ерекшеліктері. Өткен материалдарды жинақтау және сұрақ қою.

Практикалық тапсырма
Тіркеу
Контакты
© НАРХОЗ - 2021. Все права защищены