Басты ұйымдастырушы "Нархоз университеті" КЕАҚ, атап айтқанда жобаның үйлестірушісі және негізгі тұлғалары: Муханова Ғайни, Денис Поленов және Әлия Нұрғалиева болды.
Конференцияның қойылған мақсатына қол жеткізілді, бұл конференция туралы көптеген оң пікірлермен, университеттер, колледждер тарапынан жобаға, ең алдымен, оқу курстарын әзірлеудің құзыреттілік моделін оқытуға, оқу процесінде ECTS кредиттік жүйесін енгізуді және пайдалануды оқытуға, ТжКБ жүйесіне Болон қағидаттарының трансфертіне қызығушылықтың артуымен расталды.
Конференцияда Жоғары және орта-кәсіптік білім Альянсының көптеген өзекті мәселелері талқыланды, 80-нен астам тыңдаушы тіркелді, 23 спикер сөз сөйледі, оның ішінде жобаға тартылған 2 волонтер бар.
Конференция аяқталғаннан кейін алғашқы күндері жобаға Қазақстан, Орталық Азия университеттері мен колледждерінен және жеке зерттеушілерден, оқытушылардан еріктілер ретінде тартуға өтінімдер түсе бастады, бұл ALLVET жобасының және конференцияда талқыланған, конференцияға қатысушылардан нақты жауап тапқан тақырыптардың өзектілігін, уақтылығын тағы да растайды.
Географиялық көрінісі кең: Еуропалық Одақ елдері, Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан.
Конференцияда қызықты баяндамаларды тыңдап, спикерлердің презентацияларынан ләззат алуға болады. Конференция Қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде ілеспе аудармамен үш тілділік қағидатын сақтай отырып өткізілді. Қызықты спикерлер – жоғары білім беру және ТжКБ жүйесі саласындағы кәсіпқойлар, өзгерістер дәуірінде білім беру мәселелерін талқылау үшін, білім беру бағдарламаларын жетілдіру үшін Тюнинг әдіснамасын қолдану, пандемия әсері жағдайында жобаларды басқару мәселелері, колледждер қызметін жетілдіру және ТжКБ-ға кредиттік жүйе бойынша білім беру трансфері проблемасы, орта кәсіптік және жоғары білім берудің өзара іс-қимыл жүйесін құру, колледж оқытушыларының әлеуетін арттыру мәселелерін көтерген тәжірибелі оқытушы кадрлар, келесі іс-шараларға қатысуға шақырамыз.
Пандемия кезінде жобаны іске асырудың ерекшелігі консорциумның алдына жаңа міндеттер қойды, олар байланыстың, коммуникациялардың, талқылаулардың, жоба бойынша шешімдер қабылдаудың және, әрине, жоба шеңберінде оқытудың виртуалды-қашықтықтан форматына баса назар аударуды ұлғайту бойынша икемді, неғұрлым оңтайлы шешім тапты.
Эразмус+ ұлттық кеңсесінің Қазақстандағы қолдауы және ЖЭО менеджерінің конференцияда сөйлеген сөзі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының, Алматы облысының Білім Басқармасының, Қазақстан және Орталық Азия елдері колледждерінің директорларының қатысуы ерекше назар аударуға тұрарлық. Жоғары білім, колледж өкілдері тарапынан да осындай қызығушылық білдірілді.
Сонымен, алда Қазақстандағы білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған жобаны іске асырудың көптеген маңызды кезеңдері бар, біз жаңа кездесулер, оқиғалар мен жетістіктерді күтеміз.
Конференцияға қатыса алмағандардың сілтеме бойынша трансляция жазбасын көруге мүмкіндігі бар: https://drive.google.com/drive/folders/1IYiZtlP8kJVIOw6FsE9fOeh_UTWY3hnL?fbclid=IwAR24wPJB47BHYtW4SfBlPE_O02txKcZSH5j0KnA3GFYCbEhaKlv5BD8xB3s