News Narxoz Global KZ and Events Narxoz Global KZ

Ұлттық жиналыс

Қазақстандық консорциум ALLVET жобасын іске асырудың бірінші жылын сәтті аяқтады және 2021 жылғы 10 наурызда онлайн режимде ALLVET жобасының қазақстандық консорциумының кезекті ұлттық кездесуі өтті, оған "Нархоз Унивенситеті" КЕАҚ, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Сүлеймен Демирель атындағы университет атынан жобаның барлық мүшелері қатысты.
Кездесуде көптеген маңызды мәселелер талқыланды, олардың негізгісі жобаларды іске асырудың бірінші жылының қорытындысын шығару болып табылады. Жалпы, елдік кездесу барысында келесі мәселелер қаралды:
1. Жобаны іске асырудың 1-ші жылының қорытындылары.
2. Қаржылық есептердің мәртебесі: қаржылық есептердің толық пакетін дайындау, түзету және аяқтау.
3. Жұмыс бумасы бойынша есеп беру мәртебесі: Dissemination&Exploitation.
4. Тарату стратегиясы: 2021 жылға арналған жоспарлар және жоба туралы ақпаратты жылжытудың әртүрлі құралдарын қолдану бойынша шағын семинар.
5. Сапаны бақылау бойынша ескертулерді өңдеу және жартыжылдық есепті талдау бойынша мәртебе.
6. Сапаны бақылау стратегиясы: тезистік ұсынымдар, 2021 жылға арналған жоспарлар..
7. Жабдықтарды сатып алу мәртебесі..
8.WP2 "Development" (пп. 2.2, 2.3, 2.4).
8.1. Деусто университетінің курстары негізінде ECTS авторлық тренингтерін әзірлеу және оларды Moodle платформасында жүргізу.
8.2. Жобаның импакт-ықпалы мен тұрақтылығы бойынша ұсыныстар (жоба нәтижелерін коммерцияландыру мүмкіндіктерімен - extra-outcomes).
9. 2021 жылға арналған жоспарлар, 2021 жылға арналған күнтізбелік жоспарға толықтырулар мен түсініктемелер.
10. 2021 жылдың мамыр айында эдвайзер-мониторингке дайындық.
11. Конференцияны өткізу 2021 жылғы 30 наурыз
12. Әртүрлі сұрақтар
Барлық қатысушылар идеяларды белсенді түрде ұсынды, күн тәртібіндегі барлық мәселелерді талқылады, жоспарлар мен перспективаларды қызу талқылады.



News KZ