Нархоз университетінен ALLVET жобасының қатысушылары "ALLVET жобасы: Болон процесін ТжКБ жүйесіне енгізудің ерекшеліктері мен шешімдері" халықаралық конференциясына қатысты.
Конференияға кафедралардың меңгерушілері, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары және ТжКБ жүйесінің қызметкерлері мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ жас зеріттеушілер қатысты. Жалпы конференцияға 60-қа жуық қатысушы тіркелді. 13 баяндама тындалды. Баяндамалар педагогика бойынша, сондай-ақ ALLVET-ті өз оқу орындарында жүзеге асыруға бойынша болды. Конференцияға қатысушылар Болон процесіне көшу тәжірибесімен бөлісті.
Нархоз Университетінің жоба қатысушылары да конференцияға белсенді қатысты.
1. Мұханова Ғайни Қазыбайқызы-Қазақстанның және "Нархоз университеті" КЕАҚ атынан жобаның ұлттық үйлестірушісі "Эразмус+ бағдарламасы бойынша ALLVET жобасының даму перспективаларын: Қазақстан мен Орталық Азияның әлеуетін"табысты ұсынды.
2. Поленов Денис-сапаны бақылау офицері, "ALLVET жобасында QA жұмыс пакетін іске асыру"нәтижелерімен сөз сөйледі.
3. Мансапты дамыту және түлектермен байланыс орталығының аға үйлестірушісі Шакербаева Ботагөз Қасымбекқызы "ALLVET жобасы бойынша D&E жұмыс пакетін іске асыру"тақырыбында сөз сөйледі.
Конференция қорытындысы бойынша мақалалардың электронды жинағы жасақталып, белсенді қатысушыларға сертификаттар табысталды. Барлық серіктестер мен ұйымдастырушыларға белсенді қатысқаны және талқылағаны, өте жақсы ұйымдастырылған халықаралық конференцияның сәтті өткізгені үшін алғыс айтқымыз келеді.
Келесі кездесулерді күтеміз!