Шетелдік студенттермен және оқытушылармен жұмыс бөлімі Шетелдік студенттермен және оқытушылармен жұмыс бөлімі шетел студенттеріне, қызметкерлерге және басқа да қонақтарға олардың Нархозға келер алдында және болған уақытында қолдау көрсетеді. Көмек келесі тізімді қамтиды, бірақ осымен шектелмейді:
- Визаны ресімдеу
- Әуежайда кездесу
- Көші-қон қызметтерінде тіркеу
- Келуге және бейімделуге көмек
Сонымен қатар, бөлім шетелдік студенттер үшін бос уақыт өткізу үшін жеке арнайы орын ұсынады, сондай-ақ қала бойынша экскурсиялар, кино көрсетілімдері, мәдени мерекелер және басқа да шетелдік қонақтар үшін бір-бірімен қарым-қатынас жасауға және өздерін үйде жүргендей қолайлы сезінуге мүмкіндік беретін, түрлі іс-шараларды ұйымдастырады. Нархозда болу және бейімделуге байланысты барлық мәселелер бойынша шетелдік студенттер, оқытушылар мен қонақтар
welcome@narxoz.kz.
электронды пошта бойынша шетелдік студенттермен және оқытушылармен жұмыс істеу бөлімімен хабарласа алады.
Шетелдік студенттермен және оқытушылармен жұмыс бөлімінің командасы бүкіл әлемнен университетімізге келген шетел студенттерін, еріктілерді және оқытушыларды біріктіре отырып, оларға қолайлы жағдай жасап, ұмытылмас әсер алып қайтулары үшін жұмыс жасайды.
Нархоз университетіне келгенге дейін, келген уақытта немесе одан кейін кез-келген уақытта қолдау алу үшін шетелдік студенттермен және оқытушылармен жұмыс жасау бөліміне хабарласыңыз:
welcome@narxoz.kz.