Жаһандық бастамаларға қол қою

NarxozGlobal Нархоз университеттік қоғамдастығы үшін студенттердің оқуға түсуден аяқтауға дейінгі мен одан кейінгі тірлігіне және қызметкерлер мен оқытушылардың үздіксіз дамуына, сондай-ақ неғұрлым кең университеттік қоғамдастық пен серіктестерге арналған ауқымды тәжірибені қолдайды және әзірлейді.

Университеттік қауымдастықты құрудан көшбасшылық дағдыларды дамытуға және университеттік қауымдастықтың алуан түрлілігі мен жаһандық іс-шараларды құрметтеуге дейін ...
Біз жаһандық бірігуге сенеміз!
Университетке көмек және дамыту

Нархоз коммерциялық емес университет бола отырып, барлық мүдделі тараптарды негізгі кампусты жаңарту, стипендиялар беру және халықаралық тағылымдамалар мен шетелде оқу мүмкіндігін беру деңгейлерінде университет қауымдастығын дамытуға қатысуға шақырады. Сіз іскер серіктес, түлек, жаһандық серіктес немесе қауымдастық мүшесі болсаңыз, Нархоз университетінде Жаһандық мүмкіндіктерді дамытуға көмектесу үшін бізге қосылыңыз.


Қосымша мүмкіндіктерді талқылау үшін стипендия демеушісі бола аласыз немесе бізбен хабарласыңыз: alumni@narxoz.kz.
Мансапты жаһандық дамыту

Нархоз университеті студенттерге семинарлар, тренингтер және шет елдерде тағылымдамадан өту арқылы, жұмыс күшінің халықаралық нарығына кіруге дайындалуына көмектеседі. Студенттер Грузияда, Түркияда, Испанияда, Грецияда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Ресей мен Германияда, сондай-ақ бүкіл Қазақстан бойынша тағылымдамадан өтеді. Осылайша олар жұмыс күшінің халықаралық нарығы үшін қажетті дағдыларды, сондай-ақ туризм, мейрамхана және қонақ үй бизнесін басқару, сондай-ақ бизнес менеджмент сияқты өз мамандықтарын игеруде қажетті тәжірибені меңгереді. Жаһандық мансапты дамыту мүмкіндіктеріне қатысатын студенттер саны жыл сайын артып келеді, Нархоз осы мүмкіндіктерді қолдайтын бірнеше ұйымдармен, соның ішінде: Verny Capital, Job Trust, AIESEC және Grande Voyage ұйымдарымен белсенді жұмыс істейді. Жаһандық мансапты дамыту мүмкіндіктері туралы көбірек білу үшін мансапты дамыту және түлектермен байланыс бөліміне хабарласыңыз: cc@narxoz.kz.

Нархоз университеті NARXOZ GBSN GLOBAL өкілдігінің мүшесі ретінде Нархоз студенттеріне мансаптың жаһандық дамуына мүмкіндік береді. Нархоз университетінің әрбір студенті

Talent Platform GBSN платформасына тіркеліп, 88 елдегі 550 компанияның арасында даму мүмкіндігін таңдай алады.
Global Hour

GlobalHour - бұл екі айда бір рет өткізілетін нетворкинг іс-шара, онда Нархоз университетінің оқытушылары мен қызметкерлері бір-бірімен және біздің халықаралық серіктестерімізбен кездеседі және өз идеяларымен алмасады. Жыл сайын Нархоз командасының бүкіл әлем бойынша шетелдік қызметкерлер саны, халықаралық жобалар мен іссапарлар саны өсіп келеді, әрі GlobalHour жергілікті мамандармен тәжірибе, ақпарат және байланыс алмасуға арналған платформа болып саналады. Іс-шара жартылай формалды сипатқа ие, сондықтан халықаралық дамумен айналысатын барлық адамдар қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісе алады.


GlobalHour нетворкинг іс-шарасына қатысу туралы ақпарат алу үшін біздің global@narxoz.kz. электрондық мекен-жайымызға жазыңыз.
Narxoz Global Student Embassy (NGSE) студенттік ұйымы

2019 жылғы қараша айында NarxozGlobalStudentEmbassy (NGSE) атты университетішілік студенттік ұйым құрылды, оның мақсаты студенттерге Нархоздың халықаралық ынтымақтастығына бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу арқылы әлемдік кәсіби қоғамдастыққа кірігу үшін қажетті дағдыларды меңгеруге мүмкіндік беру болып табылады.


NGSE-ге қатысушы студенттер жетістікке ие мамандар және ұйымдармен кездесулер ұйымдастырады. Бұл қонақтық дәрістер, дөңгелек үстелдер, жоғары оқу орындары арасындағы іс-шаралар, дипломатиялық экскурсиялар, жоғары оқу орнынан тыс іс-шаралар және т. б. болуы мүмкін.


NGSE-нің ұйымдық құрылымы

Кез келген елшіліктегі сияқты, NGSE мүшелері де олардың дағдылары, тәжірибесі мен бейілділік деңгейіне байланысты төмендегідей дипломатиялық дәрежелерге (рангілерге) бөлінеді:

  • Елшілер

  • Кеңесшілер


NGSE мүшелерінің қандай артықшылықтары бар?


  • Келіссөздер жүргізудің кәсіби дағдылары;

  • Семинарлар мен қаржыландыру;

  • Жаңа байланыстар мен қатысушылар;

  • Мансапты дамыту.


NGSE-ге қосылу мүмкіндігі туралы қосымша ақпарат алу үшін біздің Instagram-дағы @ngs_embassy аккаунтын қадағалаңыз немесе .welcome@narxoz.kz.электрондық мекен-жайына жазыңыз
Narxoz International Club

Нархоздың халықаралық клубы шетел студенттері мен қызметкерлерін қазақстандық мәдениетпен және керісінше таныстыратын еріктілік бағдарламалар арқылы интернационалдандыру құндылықтарын алға шығарады. Іс-шаралар жергілікті халық пен шетелдіктер арасында тығыз байланыс құруға көмектесу мақсатында студенттер қалашығы мен бүкіл Алматы қаласы бойынша әр семестр сайын өткізіледі. Қосымша ақпарат алу үшін бізге welcome@narxoz.kz -ке жазыңыз немесе шетелдік студенттер және оқытушылармен жұмыс жөніндегі бөлімге келіңіз.


2019-2020 жылдар аралығындағы кезеңде Нархоз университеті студенттер арасында сөйлеу дағдыларын жақсартуға бағытталған сыныптан тыс сабақ - CreativeSpark ағылшын клубының келіп қонуы үшін таңдалды. Нархоздың 17 студенті клубқа 2020 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында сәтті қатысты. 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап клуб өз жұмысын Нархоз университетінің Лингвистикалық орталығында жалғастырады.


Іріктеу үдерісі туралы молынан хабардар болу үшін creative.spark@narxoz.kz. электрондық мекен-жайына жазыңыз.
Шетелдік еріктілер (волонтерлер)

Нархоз университеті өз студенттері және қызметкерлерімен білім, дағдылар мен стратегиялар алмасуға мүдделі шетелдік еріктілерді қолдайды. Біз әр түрлі мамандықтар мен әр түрлі академиялық дәрежеге ие, әрі әр түрлі елдер өкілі ретіндегі барлық еріктілерді қысқа мерзімді және ұзақ уақыт Нархозда болу үшін арнайы шақырамыз. Сонымен қатар қашықтан онлайн өзара іс-әрекет жасау мүмкіндігі де бар.


Егер Сіз өз дағдыңыз бен тәжірибеңіз Нархозға оның жаһандық мақсаттарға қол жеткізуіне көмектесе алады деп ойласаңыз, онда біздің командамызға өз идеяларыңызды ұсыныңыз немесе global@narxoz.kz. эл. мекен-жайы бойынша волонтерлік қызметке тіркеліңіз.
БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ
Халықаралық даму және серіктестік басқармасы
+7 727 377 2011
WE ARE GLOBAL
БІЗГЕ ТІРКЕЛІҢІЗ
Learning today – leading tomorrow
Әлеуметтік желілер
global@narxoz.kz