Гуманитарлық мектеп

Әлеуметтік жұмыс

6В11401

«Әлеуметтік жұмыс» магистрлік бағдарламасы Әлеуметтік сала, Әлеуметтік психология, ғылыми зерттеулер әдіснамасы және әлеуметтік қызметті ұйымдастыру саласындағы мамандарды тереңдетіп даярлауға бағытталған. Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Мақсат

Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік саясат саласындағы теориялық білімге, пәнаралық білімге, кәсіби-этикалық нормаларға, халықаралық және ұлттық заңнамаға сүйене отырып, әлеуметтік мәселелерін талдауға және олардың тиімді шешімдерін әзірлеуге қабілетті әлеуметтік саладағы менеджмент үшін мамандар даярлау.

Оқыту нәтижелері

01

Әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтік саясаттың теориялары мен тәжірибелерін білгені мен түсінгенін көрсете алады.

02

Зерттеудің сапалық және сандық әдістерін, әртүрлі елдердің әлеуметтік саясатын салыстырмалы талдау негіздерін пайдалана отырып, іске асырылып жатқан әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларды (жергілікті және халықаралық) бағалайды.

03

Жеке әлеуметтік жоспарды қалыптастыру және оны іске асыруға басқа мамандарды тарту үшін өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдардың жағдайын кешенді бағалауды жүргізеді.

04

Халықтың осал санаттарымен жұмыс істеу кезінде оларға өмірлік қиын жағдайдан шығуға мүмкіндік беретін заманауи технологияларды қолданады.

05

Қазақстандық және халықаралық заңнамаға сүйене отырып, кәсіби этика, әлеуметтік жауапкершілік, адам құқықтары, инклюзия және орнықты даму қағидаттарына сәйкес әлеуметтік саясатты талдайды.

06

Әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру үшін жобалық менеджмент, қаржылық жоспарлау, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдары, сыни ойлаудың заманауи құралдарын пайдалана отырып, әзірленген әлеуметтік кәсіпкерлік жобаларын енгізеді.

07

Көшбасшылық және коммуникативтік дағдыларды қолдана отырып, әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларды іске асыру үдерісінде стейкхолдерлердің әртүрлі топтарымен (халық, мемлекеттік органдар, ҮЕҰ, бизнес-қоғамдастық) өзара әрекеттеседі.

08

Ұлттық заңнамаға және халықаралық стандарттарға сәйкес инклюзивті қолдау бағдарламаларын әзірлей отырып, интеграцияланған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетеді.

09

Бюджеттер, инвестициялық тетіктер, құқықтық нормалар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті пайдалану арқылы әлеуметтік бастамалардың тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып, қаржыландыруды тартады.

10

Әлеуметтік зерттеулерге қатысады және базалық құралдарды қолдана отырып, әлеуметтік саясат және әлеуметтік жұмыс саласында дербес базалық қолданбалы зерттеулер жүргізеді және барлық мүдделі тараптарға зерттеу нәтижелерін ұсынады.

11

Әртүрлі мақсатты аудиториялардың мүдделерін ескере отырып, әлеуметтік, әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-экономикалық және статистикалық деректерді талдайды, түсіндіреді және ұсынады, сонымен бірге қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде академиялық жазу және көпшілікпен қарым-қатынас жасау дағдыларын көрсетеді.

Пәндер

Шетел тілі
Қазақ (орыс) тілі
Әлеуметтік-саяси білімдер модулі
Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Дене шынықтыру
Философия
Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама
Экология және тұрақты даму
Қаржылық сауаттылық негіздері
Көшбасшылық және инновация
Әлеуметтік жұмыстың теориялары мен тәсілдері 1
Әлеуметтік жұмыстың теориялары мен тәсілдері 2
Әлеуметтік жұмыстағы этика және кәсіби халықаралық құзыреттіліктер
Тұлғаның дамуы және әлеуметтік орта
Әлеуметтік жұмыстағы психодиагностика
Әлеуметтік қамсыздандыру және қызметтердің әлеуметтік стандарттары
Зерттеудің әлеуметтік әдістері 1
Зерттеудің әлеуметтік әдістері 2
Әлеуметтік жұмысты құқықтық қамтамасыз ету
Жеке тұлға, отбасы және ұйым деңгейіндегі әлеуметтік жұмыс
Әлеуметтік жұмыста академиялық оқу және жазу
Әлеуметтік жұмыс психологиясы
Әлеуметтік жобалардағы фандрайзинг
Шетел тілі
Minor/Free Minor каталогынан пән, Еркін таңдау пәні
Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негіздері
Отбасы және неке психологиясы
Әлеуметтік теңсіздік: диагностикасы және оны төмендету құралдары
Отбасы және балалармен CASE-менеджмент және әлеуметтік жұмыс
Салыстырмалы әлеуметтік саясат
Егде жастағы адамдармен әлеуметтік жұмыс
Кәсіпкерлік
Қауымдастық деңгейіндегі инклюзивті тұлғаларды адвокациялау
Гендерлік теңдік және әлеуметтік саясат
Балалық шақты қорғау: халықаралық стандарттар және мониторинг жүйесі
Әлеуметтік бағдарламаларға арналған COST-Benefit Analysis (CBA)
Зорлық-зомбылықты бастан кешіргендермен әлеуметтік жұмыс
Әлеуметтік жобаларды басқару 2
Супервизияға кіріспе
Әлеуметтік саладағы адами ресурстарды басқару
Мүмкіндігі шектеулі мүшесі бар отбасымен әлеуметтік жұмыс
Әлеуметтік бағдарламаларды бағалау және әлеуметтік жоспарлау
Әлеуметтік медицина негіздері
Әлеуметтік жұмыстағы ұйымдастыру, басқару және әкімшілік жүргізу
Әлеуметтік жұмыстағы кәсіби коммуникациялар
Әлеуметтік жобаларды басқару 1
Оқу практикасы
Өндірістік практика
Дипломалды практикасы
Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау немесе кешенді емтиханға даярлық және тапсыру