Нархоз Университетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілетуге арналған кездесу өтті

13 маусымда Нархоз университетінде «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам: жастардың рөлі мен жауапкершілігі» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдама» аясында жүзеге асты.

Кездесудің басты мақсаты – жастар арасында заңға құрмет пен адалдық қағидаттарын нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және азаматтық белсенділікті қолдау болды.

Іс-шара аясында:

  • Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Превенция басқармасының аға офицері Шажагулова Меруерт Раимбекқызы қатысушылармен ашық диалог жүргізіп, қоғамда заң мен тәртіпке сүйенетін құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығына тоқталды;
  • волонтерлар жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, алдағы жоспарларымен таныстырды;
  • Әуезов және Алатау аудандары комьюнити орталықтарының басшылары өз өңірлерінде жүргізіліп жатқан алдын алу шаралары туралы баяндама жасады.

 

Сұрақ-жауап форматындағы пікірталас алаңы жастарға құқықтық мәдениет, қоғамдағы әділеттілік және заң үстемдігі тақырыптарында ой бөлісуге мүмкіндік берді.

Іс-шара соңында жобаның белсенді қатысушылары алғыс хаттармен марапатталды.


Атап айтқанда, университеттің Операциялық қызмет және әлеуметтік-тәрбиелік жұмыс жөніндегі вице-провосты Сатаев Санат Ақылжанович пен Студенттер ісі жөніндегі офис басшысы Каби Еликбай Касенханұлы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы, генерал-майор Арман Тастемирович Рахимовтың Алғыс хатымен марапатталды.

Нархоз Университеті қоғамда заң үстемдігін қамтамасыз ету, құқықтық сана мен тәртіп мәдениетін арттыру жолында жүйелі түрде жұмыс жүргізуді жалғастырады. Бұл бағыттағы бастамалар жоғары білім беру ұйымдарының азаматтық жауапкершілік пен парасаттылықты қалыптастырудағы маңызды рөлін нақтылай түседі.

Автор - Нархоз Университеті
Опубликованно - 08.07.2025
Последние новости
В Университете Нархоз проходит декада правового просвещения, посвящённая Народной Конституции
В Университете Нархоз проходит декада правового просвещения, посвящённая Народной Конституции
Студентка Нархоза вошла в число победителей EmpowerMe Hackathon Kazakhstan
Студентка Нархоза вошла в число победителей EmpowerMe Hackathon Kazakhstan