Алматыда мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы диалог болашағы талқыланды

2025 жылдың 18-19 сәуірінде Нархоз Университетінде «Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылының заманауи мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның ашылуы өтті. Іс-шараны Нархоз Университетің Құқық және мемлекеттік басқару мектебі ұйымдастырды.

Екі күндік конференция Қазақстан, Германия, Ресей, Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген 150-ден астам заң шығару, атқарушы және сот билігі өкілдерін, қоғамдық кеңес мүшелерін, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін, сарапшыларды, журналистер мен ғалымдарды біріктірді.

Конференцияның басты мақсаты – БҰҰ-ның №16 «Бейбітшілік, әділет және тиімді институттар» Тұрақты даму мақсатын қолдау, сондай-ақ цифрландыру, азаматтық белсенділіктің артуы және жаңа технологиялардың енгізілуі жағдайында мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы серіктестікті дамыту.

Ғылыми жиында Нархоз Университетіне БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» (UNAI) бағдарламасы бойынша №16 ТДМ саласында Жаһандық хабтың вице-төрағасы мәртебесінің берілетіндігі жариялануы басты жаңалық ретінде аталды. Бұл мәртебе Нархозға Оксфорд университеті (Ұлыбритания) және Бейбітшілік университетімен (Коста-Рика) қатар берілді. Хабтың төрағасы – Джимми мен Розалин Картер атындағы Бейбітшілік және қақтығыстарды реттеу мектебі, Джордж Мэйсон университеті (АҚШ).

 

«Бұл – университетіміздің құқықтық білім беру саласындағы жетістіктері мойындалуы ғана емес, сондай-ақ әділеттілік, тұрақтылық және ашық диалог қағидаттарын өңірде және жаһандық деңгейде дамытудағы миссиясы», – деп атап өтті Нархоз Университетінің президенті Қанат Қожахмет.

Конференцияда талқыланған негізгі тақырыптар:

  • мемлекеттік органдардың қызметін цифрландыру және ашықтығын арттыру;
  • азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылдың құқықтық механизмдері;
  • қоғамдық кеңестердің рөлі мен нормативтік актілерді сараптау;
  • жасанды интеллектіні енгізудің этикалық мәселелері мен тәуекелдері;
  • жаһандық өзгерістер жағдайындағы қоғамдық институттардың тұрақтылығы.

 

Мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың теориялық және әдістемелік аспектілері:

цифрлық мемлекет тұжырымдамалары, жаңа қатысу формалары, медиация;

нормативтік-құқықтық процестерге азаматтық қоғамның қатысу механимздері:

құқықтық ақпаратқа қолжетімділік, заң жобаларын сараптау, қоғамдық кеңестердің рөлі;

халықаралық тәжірибе: Орталық Азия, Еуропа және Ресей елдерінің практикалары.

Конференция нәтижесі бойынша мемлекеттік билік органдары мен азаматтық қоғам институттары үшін бірқатар ұсыныстар әзірленді. Атап айтқанда:

  • азаматтар мен ҮЕҰ қызметін реттеуді бағалауды (РИБ) күшейту;
  • ашықтық және жариялылық бастамаларына мониторинг бойынша жұмыс тобын құру;
  • цифрлық шешімдерді әзірлеуде ғылыми қауымдастықпен ынтымақтастықты арттыру;
  • ұлттық даму стратегияларын әзірлеуде конференция материалдарын пайдалану.

Нархоз Университетіндегі бұл халықаралық конференция – Қазақстанда және тұтастай Орталық Азияда диалог мәдениетін, азаматтық қатысуды және тиімді институттарды дамытудағы маңызды қадам.

Автор - Университет Нархоз
Опубликованно - 21.04.2025
Последние новости
В Университете Нархоз проходит декада правового просвещения, посвящённая Народной Конституции
В Университете Нархоз проходит декада правового просвещения, посвящённая Народной Конституции
Студентка Нархоза вошла в число победителей EmpowerMe Hackathon Kazakhstan
Студентка Нархоза вошла в число победителей EmpowerMe Hackathon Kazakhstan