ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНЫҢ ƏРТҮРЛІ САТЫЛАРЫНДА БАСҚАРУ ЕСЕБІНІҢ МОДЕЛЬДЕРІН ҚОЛДАНУ ТƏЖІРИБЕСІ
АҢДАТПА Зерттеудің мақсаты. Құрылыс ұйымдарында тиімді интеграцияланған ақпараттық жүйені құру мəселелері неғұрлым өзекті болып отыр. Ғылыми мақаланың мақсаты - инвестициялық жəне құрылыс жұмыстарының əртүрлі кезеңдеріндегі құрылыс ұйымдарының шығындарын есепке алу əдістемесін жасауға бағытталған теориялық негіздемелер мен практикалық ұсыныстарды қалыптастыру. Зерттеу құрылыс қызметінің əртүрлі кезеңдерінде пайда болатын шығындарды есепке алудың практикалық мəселелерін шешуге бағытталған. Зерттеудің əдіснамасы. Зерттеудің пəндік саласында талдау жəне синтездеу, жіктеу, логика, бақылау əдістері қолданылды. Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Ғылыми мақала құрылыс саласының əртүрлі сатыларында басқару есебінің модельдерін қалыптастыру ерекшеліктерімен сипатталады. Зерттеу нəтижелері. Мақалада шығынның құрылыстың 4 кезеңінде: электрондық тендерлерге қол жеткізу, тендерлерді талдау, конкурсқа қатысуға дайындау, өтінім беру жəне конкурсқа қатысу сияқты құрылыс қызметінің алдын ала кезеңінде шеккен шығындарды есепке алуды ұйымдастыру бойынша əдістемелік ұсынымдар ұсынылды, олар үшін шығын түрлері жəне оларды қаржылық жəне басқару есебінің бухгалтерлік кіші жүйелерінде көрсету бойынша ұсынымдар айқындалған. Түйін сөздер: бизнес үрдіс, инвестиция, инвестициялық тартымдылық, кайзен-костинг, ХҚЕС, құрылыс-монтаж жұмыстары, шығындар, өзіндік құн, сметалық құн, пайдалылық.