CAER

ОРГАНИКАЛЫҚ ӨСІМДІК ДƏРІЛЕРІН ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН МАРКЕТИНГТІК ЗЕРТТЕУ

АҢДАТПА
Зерттеудің мақсаты. Өсімдік тектес органикалық дəрі-дəрмектерді тұтынушылардың таңдау фе- номеніне қатысты дəрігерлердің пікірін зерттеу болып табылады.
Зерттеу əдіснамасы. Дəрігерлердің жартылай құрылымдалған сұхбаттарының сериясынан тұратын сапалы зерттеу жүргізу болып табылады. Іріктеудіңықтимал емес əдісі таңдалған.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Зерттеудің сапалы дизайнын, сарапшы – дəрігерлермен сұхбат жүргізуді таңдауы болып табылады; олар пациенттердің органикалық дəрі-дəрмектерге жəне оларды сатып алуға итермелейтін себептерге қарым-қатынасына қатысты терең деректерді ұсына алады.
Зерттеу нəтижелері бойынша. Тұтынушылардың таңдауына органикалық өсімдік дəрі- дəрмектердің қауіпсіздігі, тиімділігі жəне сапасы сияқты факторлар əсер ететіні анықталды. Сондай-ақ органикалық өсімдік дəрілерді таңдау немесе бас тарту кезінде тұтынушылар хабардар болу, сарафан радиосы жəне жарнама сияқты факторларды ескереді, бұларды маркетингтік факторларға жатқызуға болады. Гедонистік теория органикалық дəрілік заттарға қатысты тұтынушылардың мінез-құлқын түсіндіру үшін қолданылуы мүмкін деген теориялық тұжырымдар алынды. Сондай-ақ, алынған нəтижелердің практикалық маңызы бар, өйткені олар өсімдік тектес органикалық дəрі-дəрмектерді отандық өндірушілерге ұсынылуы мүмкін.
Түйін сөздер: сапалы зерттеу, жартылай құрылымдалған сұхбат, органикалық дəрілік заттар, өсімдік препараттары, тұтынушылар таңдауы
KZ