Зерттеудің мақсаты. Əлем мен Қазақстандағы əлеуметтік қорғаудың ең тиімді жүйесін талдау мен айқындаудан тұрады. Қазіргі əлемде əлеуметтік нарықтық экономика дамып келеді, ол халықтың əл- ауқатын арттыруға бағытталуы тиіс. Жұмыс нəтижелері əлеуметтік қорғаудың неғұрлым кең тараған жүйелерін жəне оларды жетілдіру мүмкіндіктерін көрсетеді.
Зерттеу əдіснамасы. Зерттеу жүргізу барысында əлеуметтік қорғау жүйесі эволюциясының əлемдік жəне қазақстандық тəжірибесі көрсетілген салыстыру, қорыту, талдау жəне синтездеу əдістері қолданылды.
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Əлеуметтік қорғау жүйесін құрудың əлемдік тəжірибесін талдау барысында əлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделін одан əрі жетілдіру мүмкіндіктері анықталды. Бұл халықтың əлеуметтік осал топтарын, сондай-ақ жұмыс істейтін адамдарды əлеуметтік қорғауға ғана қатысты.
Зерттеу нəтижелері. Зейнетақы жасын ұлғайту, жұмыссыздық жəне еңбекке лайықты ақы төлеу əлеуметтік нарықтық экономиканы құру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда басымдыққа айналуы тиіс. Бұл жұмыс жүйелі тəсілді талап етеді жəне қызметтің барлық бағыттарында əлеуметтік қорғауға баса назар аударуды көздейді.
Түйін сөздер: мемлекет, зейнетақымен қамтамасыз ету, жəрдемақы жүйесі, əлеуметтік қорғау, сақтандыру.