I стратегиялық сала : Жаһандық консорциум
Жаһандық стратегиялық серіктестер (ЖСС) және Жаһандық стратегиялық желі (ЖСЖ) – бұл екі бағдарлама жаһандық консорциум құру үшін іске қосылатын бағдарлама . Күн тәртібі қазіргі және болашақ жаһандық серіктестер арасындағы ынтымақтастық тақырыптарын анықтау және бірлескен зерттеу орталықтары мен академиялық бастамаларды құру болып табылады.
II стратегиялық сала : Нархоздың жаһандануы
Халықаралық даму және серіктестік басқармасы, Нархоз қызметкерлерінің, оқытушылары мен студенттерінің, университеттің жаһандану үдерісіне қатысуына ықпал етеді және ынталандырады. Бұл, өз кезегінде, оқытушылар құрамына, қызметкерлер мен студенттер арасындағы көшбасшыларға, зерттеулер мен заманауи ойлауға негізделген жоғары халықаралық білім беру стандартын қамтамасыз етуге мүмкіндік берер еді.
III стратегиялық сала: шетелдік студенттер мен оқытушылар үшін қызмет көрсету сапасын арттыру
Университеттің қазіргі және болашақ шетелдік оқытушылар құрамы мен студенттерінің талаптарына жауап беретін ыңғайлы пайдаланушылық құрылым құру қажет. Мақсаты-мәдениетаралық алмасуға ықпал ететін, білім бері сапасын арттыратын, зияткерлік орта құру. Халықаралық даму және серіктестік басқармасы сондай-ақ халықаралық Нархоз клубы сияқты студенттік ұйымдардың бастамасын көтермелейді, олар шетелдік студенттер мен оқытушыларды Қазақстанның мәдениетімен таныстырады.
IV стратегиялық сала: академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері үшін елдік және бағдарламалық экспозицияны ұлғайту
Жоғары білімді интернационалдандыру саласында студенттер мен оқытушылар үшін шексіз мүмкіндіктер беретін веб-портал енгізу қажет. Халықаралық даму және серіктестік басқармасы лайықты студенттерге қаржылық көмек көрсету үшін гранттар, қайырымдылық қаражаты есебінен қор құру бойынша жұмыс істейтін болады.