Нархоз университетінің халықаралық ынтымақтастығы-бұл қазіргі уақытта ғылыми зерттеулерді, академиялық ұтқырлықты және жоғары білім беру саласында тәжірибе алмасуды қамтамасыз ететін әлемнің жетекші университеттерімен әріптестік қарым-қатынасты орнатудың көпжылдық сәтті тарихы. Біз Нархоз университетін Орталық Азияның бірегей ландшафты арқылы, экологиялық тұрақтылық және орнықты даму саласындағы мақсаттар, озық технологиялар және big data, гендерлік мәселелер мен адам құқықтары, геосаяси ілгерілеулер және өңірлік - жаһандық экономика, соның ішінде "Бір белдеу - бір жол" бастамасы сияқты тақырыптар бойынша оқыту, ғылыми зерттеулер мен әріптестік қатынастар үшін жаһандық тұғырнамаға айналдыруға тырысамыз.
Біз халықаралық стратегиялық серіктестермен жаһандық консорциум құрудамыз және Сізді бізге қосылуға шақырамыз!
Біздің жаһандық көзқарасымыз,
жаһандық серіктестік,
жаһандық жобалар туралы көбірек біліңіз және
рейтингтер, аккредиттеу, мүшелік.