Жаһандық ықпал

Даму стратегиясы және БҰҰ-ның Тұрақты даму саласындағы мақсаттарына адалдық (ТДМ-ЦУР)


Нархоз университетінің 2019-2025 жылдарға арналған Даму стратегиясы университеттің білім беру мен зерттеу қызметінің жаһандануын жеделдетуге бағытталған. Бұл үшін Даму стратегиясында мынадай негізгі бағыттар көзделген:

  • БҰҰ-ның Тұрақты даму саласындағы мақсаттарына қол жеткізудегі стратегиялық әріптестікті нығайту (ТДМ);

  • пәнаралық және бірлескен зерттеулерді кеңейту;

  • академиялық және студенттік алмасу туралы келісімдерді жақсартуға арналған саясатты әзірлеу;

  • студенттер мен оқытушыларды қолдаудың білікті қызметтерін ұсыну;

  • шетелдік студенттерді қабылдау үшін оларға қолайлы жағдай жасау.


NarxozGlobal Даму стратегиясының негізгі бөлігі болып табылады, сол сияқты ол халықаралық ынтымақтастықты кеңейтеді, университеттің танылуы мен ықпалын арттырады. Нархоз қазірдің өзінде көптеген халықаралық қауымдастықтардың белсенді мүшесі болып табылады, 21 елден 60 - тан астам серіктеске ие халықаралық серіктестік желісі бар және БҰҰ-ның Жаһандық шарты –Жауапты басқару саласындағы білім беру принциптері (PRME) мен Университеттердің Ұлы хартиясына қол қоюшы болып саналады. Соңғы уақытта университет осы қауымдастықтардағы өз қызметін және халықаралық байланыстарын кеңейту, әрі қос диплом бағдарламаларын әзірлеуді қоса алғанда, өз серіктестерімен бірлескен жобаларды дайындау үстінде.

Сонымен қатар Нархоздың Даму стратегиясы жергілікті талантты жастарды қолдауға, сол сияқты Қазақстан экономикасының барлық салаларын, атап айтқанда кәсіпкерлік, ғылыми зерттеулер және т. б-н жаңғыртуға дайын, кең ой-өріске ие, әлемнің көптілді азаматтары болып табылатын түлектерді қалыптастыру жолымен жергілікті талантты жастарды қолдауға, сондай-ақ инновациялар мен тұрақты дамуға жәрдемдесуге бағытталған.

Нархоз университетінің даму стратегиясы және тұрақтылыққа әсері туралы көбірек біліңіз.
БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ
Халықаралық даму және серіктестік басқармасы
+7 727 377 2011
WE ARE GLOBAL
БІЗГЕ ТІРКЕЛІҢІЗ
Learning today – leading tomorrow
Әлеуметтік желілер
global@narxoz.kz