English
Русский
中文

© НАРХОЗ - 2020. All rights reserved.

ТДМ саласындағы The Impact Ranking рейтингі

Нархоз университеті TheImpactRanking рейтингіне сәйкес БҰҰ-ның Тұрақты даму саласындағы мақсаттары тұрғысынан әлемнің үздік 400 (Топ-400) университетінің қатарына кіреді. TimesHigherEducation (THE), бүкіл әлемдегі жоғары оқу орындарының рейтингі саласындағы әлемдік көшбасшы БҰҰ-ның Тұрақты даму саласындағы 17 мақсатына арналған TheImpactRanking-ке жәрдемдеседі, ол мақсаттар 2030 жылға қарай барлығы үшін ең жақсы және неғұрлым тұрақты болашаққа қол жеткізу үшін негіз болып есептеледі. Ол осы мақсаттарға қол жеткізуге бүкіл әлем университеттерінің үлесін бағалау үшін құрылды.
2020 жылы Timeshigereducation беделді рейтингіне 85 елдің 767 университеті кіріп отыр. Нархоз университеті Орталық Азияның шамамен 320 университетінен осы рейтингке енген екі университеттің бірі болып саналады.
Тұрақты даму саласындағы нақты мақсаттарға қосқан үлесі бойынша Нархоз рейтингі келесі санаттарға (категорияларға) бөлінеді:

  • 3-ТДМ: Салауатты өмір салты мен аман-есендікті насихаттау: 401+

  • 4-ТДМ: Сапалы білім беруді қамтамасыз ету және бәрінің де оқу мүмкіндіктерін кеңейту: 401+

  • 5-ТДМ: Гендерлік тепе-теңдік және құқықтар мен мүмкіндіктерді ұлғайту: 301+

  • 7-ТДМ: Осы заманғы, қолжетімді және таза энергия көздеріне қол жеткізілуін қамтамасыз ету: 301+

  • 8-ТДМ: Лайықты еңбек пен тұрақты экономикалық өсімге жәрдемдесу: 301+

  • 9-ТДМ: Күшті инфрақұрылым құру, индустрияландыру мен инновацияларға жәрдемдесу: 401+

  • 16-ТДМ: Бейбіт қоғамдарға жәрдемдесу, сот төрелігіне қол жеткізу және есеп беруге міндеттілік: 201+

  • 17-ТДМ: Тұрақты даму мүддесіне орай жаһандық әріптестікті нығайту: 301+


"Біз «Университеттер – әлемдік деңгейдегі ең үлкен мәселелердің шешімін табудағы біздің басты үмітіміз» деген сөзге сенеміз", - дейді TimesHigherEducation-дегі білімді басқару жөніндегі директор Фил Бэйти. "Бұл рейтингтер әл-ауқат (институционалдық) немесе беделді зерттеулер сияқты жетістік үшін дәстүрлі кедергілер, тұрақтылықты қамтамасыз етуге арналған үлкен мақсаттарға қол жеткізуге келіп жеткенде, еш маңызға ие емес екенін дәлелдейді. Университеттер бізге белгілі бір үміт беретіні айдан анық».


Times Higher Education Impact Rankings рейтингі мен Нархоз университетінің.үлесі туралы көбірек білуге тырысыңыз.
БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ
Халықаралық даму және серіктестік басқармасы
+7 727 377 2011
WE ARE GLOBAL
БІЗГЕ ТІРКЕЛІҢІЗ
Learning today – leading tomorrow
Әлеуметтік желілер
global@narxoz.kz