1. Еркін нысандағы өтініш;
2. Білім туралы құжат (қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқасы);
3. Жеке басын куәландыратын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін);
4. Шетел азаматтарын қоспағанда, Ұлттық тестілеу орталығы берген мемлекеттік тілді меңгергендігін растайтын ресми сертификат (ҚАЗТЕСТ);
5. PhD докторантурасына түсушілер үшін шетел тілін меңгергендігін растайтын сертификат:
Ағылшын тілі бойынша:
- IELTS Academic – кемінде 5.0 балл;
TOEFL IBT – кемінде 35 балл;
TOEFL ITP – кемінде 417 балл;
TOEIC – кемінде 550 балл;
Duolingo English Test – кемінде 80 балл.
Неміс тілі бойынша:
– DSH (В1 деңгейінен төмен емес);
– TestDaF (В1 деңгейінен төмен емес).
Француз тілі бойынша:
– TFI – оқу және тыңдалым бөлімдері бойынша В1 деңгейінен төмен емес;
– DELF – В1 деңгейінен төмен емес;
– DALF – В1 деңгейінен төмен емес;
– TCF – В1 деңгейінен төмен емес.
6. № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысанындағы медициналық анықтама (электрондық форматта). Шектеу шаралары, төтенше жағдайлар енгізілген жағдайда анықтама кейінірек ұсынылады;
7. 3x4 көлеміндегі алты фотосурет;
8. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат (шетел азаматтарын қоспағанда);
9. Соңғы 3 жылдағы ғылыми жарияланымдар тізімі (бар болған жағдайда), зерттеу жоспары;
10. Алдын ала іріктеу нәтижелері («Денсаулық сақтау» білім беру саласы бойынша).
4), 5) және 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттар түпнұсқа және көшірме түрінде ұсынылады, тексерілгеннен кейін түпнұсқалары талапкерге қайтарылады.
TOEFL ITP сертификаты бар тұлғалар докторантураға түсу емтиханына дейін ағылшын тілінен қосымша тестілеуден өтеді.